Жинақталған зейнетақыдан зекет беріле ме?
Айлығымыз жоғары болғасын зейнетақы жинақтау қорында жинақталған қомақты ақшамыз бар еді. Бірақ зейнетақыдағы ақша бірден қолға берілмейтінін білесіздер. Сұрайын дегенім, сол ақшадан зекет беруім керек пе? Саяхат.

Уағалейкумуссалам! Саяхат мырза, бір адамға зекет беру парыз болуы үшін, оның бірнеше шарттары бар. Соның бірі – зекет беретіндей мөлшерге жеткен дүние-мүлкі иесінің қолында болуы керек, яғни қолжетімді болуы тиіс. Бұл зекеттің басты талабтарының бірі[1]. Бұны шариғатта «Малуд-Дымар» дейді[2]. Ал қалаған уақытта алып пайдалана алмайтын дүниеңізден зекет берілмейді. Ендеше, сіздің зейнетақы қорыңызда жинақталған ақшаңыз «нисаб» мөлшеріне жеткенімен одан зекет беру міндеттелмейді. Олай болған себебі, сіз зейнетақыңыздың иесі атанғанымен, ол сіз үшін қол жетімсіз ақша болып тұр.

[1] Әль-Фатауаль Хиндия – 1/190-191 бет.
[2] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2\390 бет.
Абдусамат Қасым
date04.06.2013readCount4076categoryЗекетprintБасып шығару