Пәтер үшін зекет беру парыз ба?
Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ!
Сізге қояр бір сауалым бар еді, жолдасымның басқа қалада пәтері бар. Ол пәтерде анасы мен қарындасы тұрады. Аталған пәтер үшін зекет беруі тиіс пе? Алла разы болсын. Индира

Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Зекет – дініміздің негізгі бес парызының бірі. Оның мағынасы өсу және тазару. Құран Кәрімде: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің...[1]»,-деп айтылған. Зекет беру Алла тағаланың әміріне мойынсұнып мұсылмандық парызды өтеумен қатар дүние-мүліктің көбейіп әрі берекелі болуына септігі тиеді.

Зекет төрт түлік малдан, алтын мен күмістен, егін мен сауда-саттықтан түсетін табыстан беріледі. Төрт түліктен малдың өзі берілсе, қалғандарынан ақшалай шығарылады.

Зекет беру парыз болу үшін қойылатын шарттар: қарыздан бөлек нисап мөлшеріне жетуі, оның негізгі қажетті зат (мысалы: тұрғын үй, көлік) болмауы, жылдың басы мен аяғында толыққанды мүлік ретінде қолда болуы[2]».

Пәтер баспана ретіндегі негізгі қажеттілік болғандықтан және ешбір табыс көзі болмағандықтан зекет берілмейді.


[1] Тәубе сүресі, 103-аят
[2] Әл-Ихтияр ил таълил мухтар, 1-том, Зекет кітабы, 149-бет

date13.02.2014readCount3968categoryЗекетprintБасып шығару