Марқұмды сүюге бола ма?
Ассаламу алейкум! Ел арасында қайтыс болған марқұммен қоштасу үрдісі бар. Сол кезде, марқұмды сүюге бола ма? Әлде, бұған рұқсат жоқ па?

Уа алейкум ассалам!

Иә, марқұмның бетінен және маңдайынан сүюге болады. Бұған негіз: «Қайтыс болған Осман бин Мазғұнды сүйді және Пайғамбар (с.ғ.с.) жылап тұрған еді[1]» және «Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) қайтыс болған соң (маңдайынан) сүйді[2]» деген хадистер. Бұл екі хадисті де Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен.

Осы мағыналас хадистерге сүйене отырып, имам Науауи: «Марқұмның бетінен етжақын туыстары мен жора-жолдастарының сүюіне рұқсат етіледі», - деген.


[1] Әбу Дәуіт

[2] Бұхари

date27.03.2017readCount10287categoryЖаназаprintБасып шығару