Зергерлер мұсылмандардан бөлек жерлене ме?
Сұрақ: Ассалаумағалейкум! "Зергерлердің тырнағының астында алтынның буы қанша жуса да қалады. Сондықтан оларды бөлек жерлейді"- деп естідім. Осы қаншалықты дұрыс?

Жауап: Уағалейкум ассалам. Бұл жайында құранда немесе хадисте, яки сахабалардың сөзінде еш мағлұмат жоқ. Тіпті, ислам ғұламалары ешқашан мұндай пікірді алға тарпаған. Демек еш негізі жоқ бос сөз болып табылады.

Ал бөлек жерлеу мәселесіне келсек: Ешуақытта мұсылман баласы, мұсылмандардың қорымынан бөлек жерленбеген. Өзге дін өкілі немесе бақсының бөлек жерленуі, оның мұсылман болмауынан еді. Сұрақта айтылғандай "Алтынның буы қанша жуса да тырнақтың астында қалатын болса" да бөлек жерленеді деу негізсіз.

date18.05.2017readCount2105categoryӘртүрліprintБасып шығару