Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?
Мен бір ер кісімен неке қиып, үйленгім келеді. Бірақ, жігіттің ата-анасы қарсы. Мұндай жағдайда шариғат бойынша не істеу керек? Мәдина

 

Біздің мәзһабта ата-ананың рұқсаты некенің шарты емес. Қыз бен жігіт өзара келісіп куәлар арқылы некелерін қиса жарамды болады. Бірақ Исламда қыз бен жігіттің ата- аналарының батасы мен ризалығын алуы – парыз. Егер қыз бен жігіттің ата-аналары олардың қосылуларына ризалық танытпаса үйленбегендері абзал. Ата-аналарының теріс батасын алған қыз бен жігіттің некелері дұрыс болса да, өмірлері баянды болмауы мүмкін. Өйткені, мұсылманның мақсаты – Алланың ризалығы. Ал сол ризалық ата-анаға қатысты. Яғни Алланың ризалығы – ата-ананың ақ батасында. Сондықтан қыз бен жігіт бір-біріне деген махаббат пен Алла пен ата-анаға деген махаббаттың бірін таңдауына тура келеді... Ал, неке қиятын молда яки мешіт имамына келсек, олар әсте қыз бен жігіттің ата-ана яки заңды өкілдерінің рұқсатынсыз некелерін қиюына болмайды.

date25.07.2017readCount1700categoryНекеprintБасып шығару