Шариғатта иттің құлағы мен құйрығын кесуге бола ма?
Әссалаумағалейкум уа рахматулаһи уа баракатуһ! Сұрайын дегенім: иттің күшігінің құлағы мен құйрығын кесуге бола ма? Шариғатта бұл туралы не айтылған? Қосмұрзаев Бекжан

Уағалейкумәссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Иттің құлағы мен құйрығын кейде әсемдік үшін, кейде ит төбелестіретіндер қарсыласына оңай жеңілмесін деген мақсатта кесіп жатады. Әйтсе де, екі жағдайдың екеуі де - иттің құлағын немесе құйрығын кесуге себеп емес. Құран Кәрімде шайтанның мына сөзі келтіріледі: "Шайтан былай деді: "...Оларға малдардың құлақтарын кесіңдер деп бұйырамын"[2]. Аятта "малдардың" деп келгенімен, хайуанның қай-қайсысының болса да құлағы мен құйрығын ермекке кесуге болмайтындығын аңғару қиын емес. 

Бірақ, қырда шопандықпен айналысатындар отарды қорғаштап жүрген төбеттерінің құлағы мен құйрығын қасқырмен жолыға қалса, жанды жерінен опық жеп жүрмесін деген мақсатта кесіп жатса, оның ағаттығы болмас. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] "Ниса" сүресі, 119-аят. Қажеттілік болған себепті малдың құлағына ен салуға рұқсат. Хадистерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қойдың құлағына таңба басқандығы айтылады [Сахих Бухари].

date12.08.2017readCount1567categoryӘртүрліprintБасып шығару