Толғақ жеңіл болу үшін қандай дұға оқылады?
Сұрақ:  Жүкті әйел толғағы женіл болу үшін қандай дұға оқығаны дұрыс? Ол дұғаларды дәретсіз оқуға болады ма? Айнұр    


Жауап:

Жалпы, «дұға - мұсылманның қаруы» делінеді. Дінімізде жүктілікті жеңілдетуге қатысты арнайы дұға жоқтың қасы. Алайда қандай да бір басына ауыртпалық түскен адам Юнус пайғамбардың Құрандағы дұғасын айтса болады. Дұғаның оқылуы мынадай:

«Лә иләһә иллә әнтә субханәкә инни кунту мин аз-золимиин».

Мағынасы: «Өзіңнен басқа құдай жоқ, Сен пәксің, мен өз-өзіме зұлымдық жасадым».

Құрандағы дұға ретінде келген бұл мәтін құлдың Раббысы алдында төмендеп, нығметтерін мойындап, кішіреюі арқылы  тілектің қабыл болуы көзделеді. Келтірілген Құран аятының соңында Алла Тағала: «Осылайша мүминдерді де (қиындықтан) құтқарамыз», - деп  аяқтайды. Демек, басына қандай да бір ауыртпалық түскен адам осы дұғаны айту арқылы Алланың қалауымен шығар жол, жеңілдік, қиындықтан құтылу табады.

Бұған қоса дұға қылудың әдептерін сақтай отырып, шынайы ықыласпен өзіне ерікті тілде Алладан жәрдем, жеңілдік, шипа сұрай алады. Дұғаларды дәретсіз оқуға болады. Алайда дұға қылудың өзі құлшылық екенін ескерсек мүмкіндігінше дәретті болған абзалырақ.

date19.09.2017readCount2517categoryӘртүрліprintБасып шығару