АДАМДАР ӨМІР БОЙЫ ЖҮРЕГІНІҢ ТҮБІНДЕГІ «КІЛТТІ» ҰМЫТУМЕН ӨТЕДІ

06 қыркүйек 2023 2176 0
Оқу режимі

Демалуға келген үш жігіт номерді отельдің жетпіс бесінші қабатынан алған. Кешке таза ауаға шығуды шешкен үш жолдас шыға берісте әкімшіліктегілерден түнгі сағат 10-нан кейін лифттің істемейтінін біледі. Кешікпеуді жөн санап, саябаққа қарай бет алған жігіттер отельге түнгі сағат оннан кешігіп келген еді. Жетпіс бесінші қабатқа жаяу шығу ақылға сыймайтынын айтып әкімшіліктегілерге қанша жалынғанмен, нәтиже болмады. Ескерту де жасалған, тек кешігушілер өздері кінәлі. 

Сонымен, алда жетпіс бесінші қабаттағы номерге жаяу көтерілу мәселесі тұр. Үш жігіт әр жиырма бес қабаттан бөліп алып, әңгіме дүкен құруды өз мойындарына алады.

Араларындағы бірінші жігіт жиырма бесінші қабатқа дейін көңіл көтеріп, небір күлкілі оқиғаларды еске алып, көңілді біраз көтеріп тастады. Келесі кезекті алған жігіт ой қосарлық мәні бар салмақты әңгімелер айтып, кезекті үшінші жолдастарына берген еді.

Үшінші жігіттің әңгімелері мұңды екен. Жетпіс бесінші қабатқа да жетіп қалған жігіттер кілт тоқтады, араларындағы біреуі өкінішті және ғибратты хабары барын айтты: 

-Жаяулатып жетпіс бесінші қабатқа да келіп қалыппыз, қатты өкініп тұрмын. Бірінші қабаттағы әкімшіліктегілерден бөлмеміздің кілтін алуды ұмытып кетіппіз.

Жігіттер, жетер межеге келіп, амалсыз өкініп тұрғаннан сақтасын. Жұмыр бастыныңғұмыры қазіргі сәттегі жағдайға ұқсайтынын қараңдаршы, жиырма бес жасқа дейін ойын-күлкімен өтетін жастық шақ, одан әрі отбасын құрып, иттірліктіңқамына көшуді бұйыртса, пайғампар жасының ар жақ бер жағында адам ана өмірге камдана бастайтынын байқауға болады. Адамдар өмір бойы жүректерінің түбіндегі «кілтті» ұмытумен өтеді. Мейірімді Жаратушымыз осындай жағдайдан сақтасын.

 

 

Пікірлер Кіру