АҒАШ ПЕН АДАМ

02 шілде 2024 1700 0
Оқу режимі

Ағаш бір жерде тұрып көктегенмен ай мен күннің, жер мен көктің тәрбиесін бірдей көреді. Төрт мезгілдің ыстық-суығына шыдап, тереңге тамырын таратып, жапырағын жайып, жұпар аңқып, гүлдеп, мәуелі бәйтерекке айналады.

Адам баласы да ойды-қырды аралап, дүниені кезіп, шартарапты шарлап, тыным көрмей жүргенмен бір жерде өсіп-өніп жатқан тіршілік иесі.

Мәселенің мәнісі - тал шыбықтың алып ағашқа айналуында һәм сәбидің адам бола білуінде!

Біздің қарапайым ағаштан үйренеріміз мол.

Ағаш ағаш кезінде - сән, пана, сая, құрылыс заты, ал қураған шағында - отын, жылудың көзі.

Адам бары мен жоғында ағаш сияқты пайдалы бола ала ма?

Пайдалы бола алады. Ағаштан да асып түседі. Ол үшін Адам болуы керек! Толық адам! Кемел адам! Барында да елге керек, жоғында да ( ізгі амалдары, сөзі соңында қалады ) елге керек. Бар кезіне қарағанда жоғында көбірек, тіпті үнемі керек екен. Біз Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш, Мәшһүр Жүсіп сынды тұлғаларымыздың бір ауыз сөзін әлі пайдаланамыз, оларды үлкен-кішіміз болып білеміз және іздейміз. Даналығына зәруміз. Олардың сөзінен күш-қайрат аламыз. Өздері бұл дүниеде жоқ болса да біз оларға мұқтажбыз. Ал ағаштың берген жылуы жаз шықпай жатып ( күлге айналған бойы) ұмытылады. Адамның жылуы екі дүниеде сақталады. Аты ұмытылмайды.

Адам болу - асыл мақсат!

 

Мұнайдар БАЛМОЛДА

 

 

Пікірлер Кіру