АЛЛАДАН ҚОРҚУ

29 ақпан 2024 2250 0
Оқу режимі

Хауф, яғни Алладан қорқу ражаның (үміттің) қарама-қарсысы емес, керісінше оны толықтаушысы болады.Үміт тілек пен ынта арқылы жақсылық пен бақытқа себепші болатыны сияқты, хауф болса қорқыныш пен тартыну арқылы жақсылық пен бақытқа себепші болады.

Алладан қорқу дәрежесі Алла тағаланың сипаттарын тану және білу дәрежесіне сәйкес болып келеді.

Кей кезде Алла тағала күллі ғаламды жойып жіберсе, оған ешкім қарсы тұра алмайтынын ескерсек, кейде жасалған күнәлардың көптігін ойлау мен қорқыныш сезінеді. Кейде адам Алла тағаланың сипаттарын біліп әрі өз күнәсін еске түсіру арқылы қорқады.

Құл күнәлардан және дініміз дұрыс санамайтын нәрселерден аулақ болып, өткізген құлшылықтарының  қазасын өтеуге тырысып, жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Бұл талпыныс өзінде болған пенденің Алладан қатты қорқуы жан дүниесінің әр жеріне тарағанының айқын белгісі. Сол себепті тек жылап көз жасын төккендер емес, бәлкім бұл белгілер өзінің бойында болғандар нағыз Құдайдан қорқатындар болып саналады.

Бір нәрседен қорыққан адам қорқатын нәрседен қашу керек болса, ал Алладан қорқатын адам оған қарай жүгіруі (яғни Раббысының әмірлерін орындап, тыйым салған нәрселерінен аулақ болу). Бұл күнәларды тәрк ету арқылы мүмкін болады. Мұны істеген адамның жүрегінде нәпсінің қалаулары мен дүниелік ләззаттарды тәрк ету халі пайда болады. Сосын қарсы келу мен күнәларды жек көре бастайды. Егер бұл жағдай орын алса,онда ол адамынң мінез-құлқына қорқыныштың толық орнағанын түсінуге болады.

Хасан Басри (рах.) бір күні қатты қарқылдап  күліп тұрған жас жігітті кездестіргенде, оған: «Ей, жас жігіт, Сираттан өттің бе?» - деп сұрайды; Ол: «Жоқ, өтпедім» дейді. Сонда Хасан Басри:

«Сен жұмаққа немесе тозаққа баратыныңды білесің бе?» - деп сұрайды. Әлгі жігіт: «Білмеймін» - деп жауап берді. Сонда Хасан Басри былай дейді: «Сираттан өтпегендіктен жәннатқа да кіре алмайсың.

Тозаққа да түсетініңді білмейсің, сонша күлуіңнің себебі не?!" Бұл сөзімен ол бұл дүниеде орынсыз күліп, көңіл көтерудің жөн еместігін меңзейді. Сонда әлгі жігіт сөздің салмағын сезініп, көзқарасын өзгерткен екен.

 

Пікірлер Кіру