АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ КЕЙДЕ АУЫР СЫНАҚ ТҮРІНДЕ КӨРІНЕДІ

22 мамыр 2026 86 0
Оқу режимі

«Егер Алла сені тура жолға салуды қаласа, сен байқамай табынатын пұттарыңды сындырады: эгоңды, ақшаны, атақ, дәреже, статус т.б.» (Хазіреті Жәләл әд-Дин Руми қ.с.)

Хазіреті Руми қ.с. мұнда адамның ішкі тәуелділіктері туралы айтады. Көп адам өзін діндармын деп ойлауы мүмкін, бірақ өзі байқамай басқа нәрселерге «табынады»:

  • Эго (менмендік, өзімшілдік) — адам өзін бәрінен жоғары қоюы, қателігін мойындамауы.
  • Ақша — өмірдің басты мақсатына айналып кетсе, жүректі байлайды.
  • Мәртебе, атақ — адамдардың мақтауы мен қоғамдағы орнын Құдайдан жоғары қою.

Хазіреті Румидің айтуынша, егер Алла бір адамды шын мәнінде тура жолға салғысы келсе, сол адамның осы жалған тіректерін сындырады. Бұл көбіне: қиындық, жоғалту, сынақ немесе өмірдегі күрт өзгеріс арқылы болады. Сол кезде адам бұрын сенген нәрселерінің уақытша әрі әлсіз екенін түсініп, шын тірек тек Алла екенін сезінеді.

Қысқаша айтқанда: сыну — жаза емес, ояну. Алланың мейірімі кейде ауыр сынақ түрінде көрінеді.

 

Bekzhan AZHIMOV

Пікірлер Кіру