«АЛТЫННЫҢ БУЫ»

21 маусым 2024 1701 0
Оқу режимі

Әжем бірде мынадай әңгіме айтып еді:

Баяғыда бір хан болыпты. Өте әділ, байсалды, әрі болжай білетін қасиеті болыпты. Оның үнемі сақалын түзеп, қырып тұратын бір құлы болыпты. Құлы шаруақор, өте жуас, момын жан екен. Үнемі сарайдың ішінде бір бөлмеде ханға қызмет жасап жүріп отбасын асырапты.

Күндердің күнінде ханның сарбаздары бір жорықтан келе жатып,елге жетпей бір таудың етегіне түстеніпті. Ханға дереу көрші елдегі ханмен кездесуге хабаршы келген екен. Хан жолға тиянақты дайындалыпты.

Сақалын түзетуге келгенде ойланып қалған екен. Себебі сақалын түзейтін құл елінде қалған екен. Оны шабарман жіберіп бір күн, бір түннің ішінде алдыртыпты. Бір таудың көлеңкесінде сақалын күзетіпті. Сақалын алып тұрған құлдың мінезінің аяқ асты өзгергенін байқапты. Әлгі құл ханға "түзу отыр, ары отыр, бері қара, ары қара"_деп бір орнында тұрып кіжіне береді екен. Сақалын күзеп келе жатып тура тамақтың астына келгенде "Мына тұстан орып жіберер ме еді!"_деп қояды екен. Хан сабырмен байқап отырыпты. Әбден сақалын алып біткен соң нөкерлеріне;

_Мына құлдың тұрған жерін, аяғының астын дереу қазыңдар!-деп бұйырыпты.

Бұйрықты орындаған уәзірлер бір жарым метр тереңдіктен ат басындай алтын тауып алыпты. Сонда алтынның буы әлгі құлды ханға қарсы сөйлетіп тұрыпты.

Сонда хан: «Халық арасында "Алтынның буы", "ақшаның буы" деген ұғым бар емес пе?! Алтын аласұртады, күміс күлімдетеді-деген екен.

Алтынды көп жинаған адам оның садақасын таратып отыруы керек. Адам алтынды көп тағынып алғанда кездейсоқ жағдайларда арнайы бір шешім қабылдай алмайды. Алтынның жолы ауыр болады. Алтын ұрлаған адамның ешқашан жолы болмай, аласұрып өтеді.

Ал күміс тазартады. Күміс тағынған әйелдің асы адал болады. Тіпті баланың жөргегін жуса да адалданып тұрады мыс.

 

Пікірлер Кіру