АҚЫРЕТТІҢ УАЙЫМЫ

11 сәуір 2024 1938 0
Оқу режимі

Бір күні Бибі Фатима Әзіреті Әлінің жүзінен уайымның ізін көріп: «Уа, Әли! Уайымың бұл дүниелік болса, бұл бізге жараспайды. Ал егер ақырет үшін болса, айт, бірге уайымдайық!» – дейді.

Абайдың ой кеселдерінің біріне жатқызған «уайымсыз салғырттығы», бәлкім, осы ақырет уайымсыздығы, ақырет қайғысыздығы болар. «Ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде «уайымсыз салғырттық» деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі, Құдайдың, екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды», – дейді Хакім Абай.

Адамды бұл дүниеде Құдайдың да, халықтың да, дәулеттің де, ақылдың да, ардың да, ғибраттың да алдында жауапты қылатын, жауапкершілікті сезіндіретін тек қана ақыретке деген сенім, ақыретке деген иман. «Ертеңгі күні Құдайдың алдында не деп жауап беремін?» деген ақыреттік уайым болмаса, пенде бұл дүниеде әр нәрсеге салғыттық танытып, немқұрайлылыққа бой алдырады. Ол пенде ақыреттегі жағдайын уайымдамағандықтан, Құдайдың да, халықтың да, мемлекеттің де, ардың да ақысын аяққа таптап, былыққа белшесінен батып жүре береді.

Ақыреттің уайымы барда адамның ақыл-ой жүйесі де сау болады. Себебі, әрбір істі ақыреттік есеп үшін ойластырады. Бұл дүниенің мүддесін ғана көздеген іс те, ой да кемел емес, кесел болмақ...

 

 

Пікірлер Кіру