Асхатұлы Жалғас

16 желтоқсан 2018 4314 0
Оқу режимі

Асхатұлы Жалғас 1987 жылы 30-қаңтарда Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2006-2011 жыл аралығында Мысыр Араб Республикасында білім алған. Астана, Шымкет қаласында дін саласы бойынша 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Пайғамбарға сағыныш !

Бисмиллә әр сөзбенен істің басы,
Адамзаттың асыл текті падишасы.
Мұхаммед есімі еске түсіп сағынғанда
Төгіледі жанардың мұң ыстық жасы.

Жаратушым таңдаған өзі ерең,
Тура жолға салғаны нендей құрмет.
Тек өзіңе берілген қасиеті
Өзге ешкімде жоғына кәміл сенем.

Адамзаттың адалы, киесісің,
Қияметте шапағат иесісің!
Бойыңдағы адами қасиетің
Саған ғана айрықша тиесіл шын!

Сөнбеген кеудедегі шырақ жарық,
Қастандықтың бәріне шыдап жаның.
Меккеліктер жамандық жасаса да
Қыңқ етіп әлсіздік үн шығармадың.

Бастартып мансаптан да, байлықтан да,
Үйреттің адамдарды махаббатқа.
Бас тартып хәл үстінде өмірден де,
Жүздесу арманың боп жаратқанға.

Ислам жолы тартқызды сан машақат,
Тайф елі қудалап, тас атқылап,
Сонда да тура жолды дұға еттің
Мойымай жүзіңнен нұр жарқырап.

Сені танып арылдым жат қылықтан,
Насихаттап өзің жайлы жақсылықты.
Он төрт ғасыр өтсе де сен кеткелі,
Айрылмады Ислам діні нақтылықтан.

Хақ жолында адал едің, өлермен ең,
Сол Ислам бүгінде еш көнермеген.
Жүзіңді жанарыммен көрмесем де
Алар орның тым ерек жүрегімнен.

Сен десе мұсылманның бәрі қорған,
Сен десе мұсылманның бәрі құрбан.
Бас иеді жүрегі мұсылмандар,
Айнытпаған біздерді тура жолдан.

Сен бізді көрмесең де жыладың рас,
Үмбетім деп төгілген көзіңнен жас.
Мен өзіңді көруге ынтызармын,
Жаратқаным жар болып өзің қолдаш!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру