«АЯЗ БИ» ЕРТЕГІСІНЕН

08 қыркүйек 2023 2192 0
Оқу режимі

Хан Аяз биге : -Мені сынашы, неше атамнан бері хан екенмін? - дейді. 

Аяз би: - Тақсыр ханым! Қарадан туып хан болғансыз, атаңызда хандық жоқ,- дейді. 

Хан: - Жоқ, қате айтасың! Мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді қойғанда алты атамды қайда жібересің? – деп зекіреді.

Сонда Аяз би:- Жоқ, тақсыр! Сіздің қара басыңыздан басқа тегіңізде хандық жоқ. Сіз нағыз наубайшының баласысыз, - дейді.

Хан не дерін білмей, уәзірлеріне қарап, анасын алдырып, шындықты айтуын сұрайды. Анасы. амалы жоқ, өзіне дейінгі он тоғыз әйелді әкесінің қыз туғаны үшін өлтіргендігін, шыбын жанын сақтаймын деп өзімен бір мезгілде ұл көтерген сарайдағы наубайшының әйелімен жасырын келісіп, нәрестелерді алмастырып алғанын айтады.

Хан:- Апырмай, менің наубайшының баласы екенімді қайдан білдіңіз? – дейді.

 Сонда Аяз би: - Мен жаман-жақсы болсам да үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға түспей, қара көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Сіздің шынжыр қатар, атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, - дейді.

Ж.Артықбаевтың фб парақшасынан

 

Пікірлер Кіру