АЗА ТҰТУ

06 қараша 2023 1404 0
Оқу режимі

Ислам діні адамдарды жамандау және жыл сайын белгілі күндерде аза тұту (траур) діні емес. Аза тұтудың рұқсат екенін көрсететін ешқандай аят пен хадис жоқ. Қайғылы оқиғаларға байланысты жыл сайын аза тұтудың ислам дініне ешқандай қатысы жоқ. Дінімізде ондай аза тұту, азалы жүру күнә болғандықтан, қайтыс болған немесе шәһид болған ислам ғұламаларының ешбірінің артынан аза тұту рұқсат болмайды.

«Өлген адам үшін дыбыссыз жылау рұқсат. Өйткені «Мүминнің өлімінде аспан жылайды» делінген». (Шәрһ-ус-судур)

«Қайтыс болған адам үшін дауыс шығарып, айқайлап жылау, аза тұту, қара киім кию, қара түсті перделер және белгілер ілу, азалы екенін көрсететін ишаралар тағу, суретін алып жүру рұқсат емес». (С.Әбәдия)

«Мәйітті және мәйіт шыққан жерді қара түсті нәрселермен орау, қара түсті киімдер кию жаиз емес». (Хазанат-ур-риуаят)

Қайтыс болған адамның артынан туыстарының 6 ай немесе бір жыл тойға бармай, көшеге шықпай, шашын өрмей немесе қара киімін тастамай жүрулері Исламнан бұрыңғы дәуірлердегі пұтқа табынатын араб тайпаларының әдеті еді. Оны бір мұсылман істейтін болса, өзі де үлкен күнә істеген болады, қайтыс болған туысын да қинаған болады.

Әбу Сәләмәның қызы хазреті Зейнеп былай дейді: Расулуллаһтың жұбайы Умму Хабиба анамыздың әкесі қайтыс болғанда, көңіл айтуға барғанымда былай деді: «Расулуллаһтың «Аллаһқа және ахирет күніне сенген әйелдің қайтыс болған жақыны үшін үш күннен астам азалы жүруі халал емес»дегенін естідім». Жаһш қызы Зейнептің бауыры шәһид болғанда, ол да дәл осылай айтты. (Бұхари)

«Дініміз ниғметтерге шүкір етуді, ал қиыншылықтарға сабыр етуді және шағымданбауды әмір етуде. Бала туылғанда ақиқа малы сойылатынын білдірген. Қайтыс болғанда мал союды немесе басқа бір нәрсе істеуді әмір етпеген. Айқайлап жылауға, азалы болуға тыйым салған». (Әс-Сират-уш-Шамия)

Бүкіл хадис кітаптарында пайғамбарымыздың өлінің артынан айқайлап жылаудың өлген адамға азап беретінін айтқаны жазылған. Бұл хадис шәрифтерден кейбірлері мыналар:

«Мәйіт өз жақындарының артынан айқайлап жылауынан азап шегеді». (Мүслим)

«Аза тұтқан адам өлуден бұрын тәубе етпейтін болса, қияметте ауыр азап шегеді». (Мүслим)

«Өлген адамға аза тұту адамды күпірлікке жетелейді». (Мүслим)

«Қайтыс болған адамның артынан айқайлап жылағанға да, оны тыңдағанға да лағнет болсын». (Әбу Дауд)

«Қайғырғанда киімін жыртатын, айқайлап ойбайлайтын адам бізден емес». (Бұхари)

«Қайтыс болған адам үшін зар еңіреп жылаған әйелге Аллаһтың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағнеті болсын». (Табарани)

«Рахмет періштелері өлінің артынан айқайлап жылаған адамдарға дұға етпейді». (И.Ахмед)

«Пәлекетке ұшырағанда шаштарын жұлатын, киімін жыртатын, айқайлап жылайтын адам бізден емес». (Нәсаи)

Аза тұту, айқайлап қайғыру ең алғаш Мухтар Сәқафи тарапынан шыға бастады. Бұл бидғат уақыт өте ғибадаттай жайыла бастады. Алайда Мухтар Сәқафи мұны Куфа халқын алдап, оларды Омаядтарға қарсы соғысқа шығару, осылайша билікті қолға алу үшін айла ретінде жасаған.

Алғашқы ислам шәһиді хазреті Ясер және жұбайы Сүмәйя ханым еді. Расулуллаһ алейһиссаламның сүйікті көкесі хазреті Хамза да қайғылы түрде шәһид болған. Пайғамбарымыз шәһид болған хазреті Ясер мен жұбайының, хазретіХамзаның шәһид етілген күндерінде және сол күндердің жылы өткенде мүлдем аза тұтпады. Азалы болуға тыйым салды.

Аза тұтуға тыйым салынбағанда, бәрінен бұрын яһуди әйелдің Хайбарда ұсынған улы тамағының жылдар өткеннен кейін әсері тиіп шәһид болған пайғамбарымыздың қайтыс болған күнінде аза тұтылатын еді.

 

 

Пікірлер Кіру