Балаға есім таңдауда ескерілетін қағидалар

15 сәуір 2019 11098 0
Оқу режимі

Балаға жақсы есім қою – ата-ананың міндеті, сондықтан ат қоярда аса ұқыпты болған жөн. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қиямет қайымда әркім аттарыңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса балаларыңа жақсы ат қойыңдар»[1], – деген

Ұл балаларға пайғамбарлардың, «абд» түбірінен басталатын Алла есімдерін қойған жақсы. Ал қыздарға нәзік, жағымды естілетін, мағыналы есім қойған дұрыс.

Сәбиге есім таңдауда келесі айтылғандар есте сақталуы тиіс:

– адам өмір бойы бір есіммен өмір сүретін болғандықтан, есімі ол адамға ыңғайсыздық тудырмауы тиіс;

– барлық жаста ыңғайлы естілуі үшін айтылуына мән беру керек;

– есім таңдауда әке басты рөл атқарады. Бір хадисте: «Балаға жақсы есім қою – перзенттің әкесіндегі ақыларынан»[2], – делінген;

– балаға әкесінің тегі беріледі, тіпті ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен болса да. Анасының тегі тек баланың әкесі кім екені белгісіз болған жағдайда ғана беріледі;

– есімді жануар, ит, мысық аттарымен байланыстырып қоюға болмайды.

 


[1] Бұхари, Әдеб, 108.

[2] Байһақи

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру