БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ХАТ

16 қаңтар 2026 218 0
Оқу режимі

Әке туралы білуге тиіс маңызды нәрселер:

-Әкең әрдайым дұрыс, тіпті сен өзіңдікі дұрыс деп санасаң да.

-Әкеңе қалай қарасаң, балаларың да саған дәл солай қарайды; бұл – ешқашан өзгермейтін өмір заңы.

-Әкеңді үздіксіз еңбек өлтірмейді, бірақ сенің жаман атағың, оқудағы сәтсіздігің және ауруың оның жанын қажытады.

-Егер әкең сен қабылдамақ болған шешімге қарсы болса, не оны райынан қайтар, не ол шешімнен бас тарт; әйтпесе ұтыласың. Оған қарсы шықпа: әкенің разылығы – береке, ал разы болмауы – дүниедегі қорлық.

-Әкеңді ашуландырудан сақтан, әсіресе ашумен айтқан қарғысына абай бол; әкенің дұғасы (қарғысы) қабыл болады, кері қайтпайды.

-Дұрыс болсаң да, әкеңмен дауласпа. Егер белгілі бір мәселе бойынша әкеңнің қателескенін көрсең, оны өзгелердің алдында ұятқа қалдырма. Әкеңнің есебінен өзіңді дәлелдеуге тырыспа.

-Әкеңнің сенің достарың туралы сезімі 99% жағдайда шынайы әрі дұрыс болады. «Бұл досыңнан алыста» десе – алыста; әке жүрегі қателеспейді.

-Әкеңе ешқашан өтірік айтпа; қанша шебер өтірікші болсаң да, әкең сенің қашан өтірік айтатыныңды, тіпті айтпай тұрып-ақ біледі.

  • Өзгермейтін өлшем: әке әрдайым шыншыл баласын жақсы көреді, өзіне жақын ұстайды, шыншыл болса қателігін кешіреді; ал айлакер, өтірікші баланы жек көреді әрі разы болмайды.
  • Әкенің жүрегіне ең жақын бала – бауырларын үнемі қорғайтын, қиындықта оларды жалғыз қалдырмайтын бала.

 

Abdulakhad SMANOV

 

Пікірлер Кіру