БАУЫРДАН ҮЗІР ІЗДЕУ

27 шілде 2023 3015 0
Оқу режимі

Егер бір-бірімізге мейірім мен мейірімділік таныта білсек, өмір әлдеқайда әдемі болар еді, жүрегімізде махаббат көбірек болар еді. Өйткені біз өз жүрегімізден басқаларға деген сүйіспеншілік пен мейірімділіктің бұлақтарымен туылғанбыз. Бірақ бір-бірін ренжіту, өсек айту, айыптау олардың жолын бөгеп, мөлдір бұлақты үйілген қоқыспен ластайтыны сияқты олардың таза ағынын тоқтатады. Біреудің қателігін мұқият есте ұстайтын сияқтымыз... Өзіміздікін байқамау үшін.

Бауырын туралы жаман ойлар неге апарады? Осы жаман ойларды сыртқа шығармай ішімізде сақтауға күшіміз жетпесе, сонда олар міндетті түрде шығып, басқа күнәларға апарады:
- біреуге тіл тигізу;
- оның үстінен ғайбат айту;
- жала жабу.

Бірақ, жаман ой мен үнсіз сөгіс өзімізге де зиян, жанымыздың тазалығына қауіпті. Сонда олар туралы үндемеуден гөрі олардан аулақ болу орындырақ болады. Алла Тағала Құранда: «Әй, мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді», («Хужурат» сүресі, 12-аят) – дейді. Ертедегі ізгілердің даналығында да: «Егер саған бауырың туралы жамандық келсе, оған сылтау табыңдар. Егер таппасан, онда мен білмейтін себебі болуы керек деп  айт» деген.

Басқаны ақтау әрекеті адамды айыптау мен қорлаудан гөрі жанашырлық пен көмекке ұмтылуға әкеледі. Демек, мүміндер арасындағы қарым-қатынасты бұзатын іс-әрекеттен сактану, керісінше бауырынан үзір іздеу олардың байланыстарын күшейтеді. Алла Тағала барша мұсылман бауырларымызға ынтымақ пен бірлік берсін.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру