БАЗАРЛЫҚ

04 желтоқсан 2023 2342 0
Оқу режимі

"Базарлық" деп аты айтып тұрғандай, ертеде базарлы жерге, жәрмеңкеге мал айдап сауда ісімен барғандар, не алыс жаққа сапарлаған адамдар ауылға оралғанда жақындарына, жас ұл-қызға үлкенді-кішілі, ірілі-уақты дегендей бұйымдар әкеліп сыйлайды, түрлі тәттілерден таратады. Қазіргідей аттап бассаң дүкен кездесетін заман емес, көшпенді өмір салтымен тіршілік ететін халық үшін базарлық ерекше мәнді болған.

Ол шағын зат болуы мүмкін, бірақ жолы үлкен, өйткені қайда жүрсе де жақындарын ұмытпай, оларды елеп-ескеріп атап сыйлық әкелді.

Бір жағынан, бауырмалдықты, сыйластықты білдірсе, екінші жағынан, алыстан келген естелік ретінде қабылданған.

Құдайға шүкір, күні бүгінге дейін желісі үзілмей бұл дәстүр адамдар арасына дәнекерлік қызмет атқарып келе жатыр.

 

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

Пікірлер Кіру