БІР МАҚАЛДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

11 ақпан 2025 655 0
Оқу режимі

Ертеректе  бір ауылда тетелес өскен Судырақымет пен Сұрмерген деген екі дос жігіт өмір сүріпті. Судырақымет атағы шыққан есерсоқ, өтірікші, ал досы асқан мерген, әрі тапқыр, сөзге шешен екен. Солай бола тұра достардың арасы еш ажырамайтын тату болса керек.Тіпті өтірікшінің де адал досы болатыны ел арасында аңыз болып айтыла бастайды.

Күндер өте екі достың дүбірі патшаға да жетеді. Патша екі досты сынамақ болып шақырып алып: "Қайсысың мергенсің"десе? Судырақымет: "Екеуіміз де мерегенбіз" -депті. Патша:

"Енді өтірікші қайда? десе Сұрмерген:

"Бізде өтірікші жоқ алысың асырып,  жақының жасырып айтады деген ғой тақсыр"- депті.

Достықтарын аңғарған патша екі достың мергендіктерін сынамаққа  аңға жіберіп көреді. Әдеттегідей аңның өрісіне жетіп, үйірлі құланға да ұшырасады. Аңды баспалап, тасты қалқалап шеткері тұрған бір құланның өкпе тұсына келіп, аңды көздей бергенде Судырақымет мен атайын депті. Сонда досы қос өкпеден түйреп ат деген екен.

Бірақта Судырақыметтің оғы арғы артқы аяғының башпайын үзіп өтіпті. Тұра қашқан құланды Сұрмерген дәл құлақтың түбінен атып түсірсе керек. Екі дос уағдалы уақытында патшаға атқан аңдарын алып келеді. Аңға екі оқ тигенін көрген патша аңды кім атты  десе әлгі Судырақымет мен аттым, оң жақ құлақтан тиген оғым сол жақ артқы аяғының башпайын үзіп  кетті десе керек. Патша қабағын түйе қатуланып оң құлақтан тиген оқ сол жақ артқы аяғын қалай үзген? дегенде Сұрмерген О, тақсыр:

 "Құланның құлағын қасынғаны мен қас мерген көздеген шүріппенің басылғаны дөп келіпті "-депті. Сонда сөзден жеңілген патша:

"Ее досы мықты болса өтірік айтуға да болады екен ғой "-деген екен дейді.

"Құланның қасынғаны мен шүріппенің басылғаны дөп келіпті" деген мәтел содан қалыпты мыс.

Пікірлер Кіру