Бұл дұғаны оқыған адам дүниеден озса, шейіт болады

10 наурыз 2020 11671 0
Оқу режимі

Оқылуы

Ә‘уузу билләһис-сәмии‘йл ‘алиимй минәш шәйтаанир-ражиим. Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Һуә-Аллаһул-ләзи лә иләәһә иллә һуә ‘алимуль-ғайби уәш-шәһәәдәти һуәрРахмәәнур-Рахиим Һуә-Аллаһул-ләзи лә иләәһә иллә һуә әл-Мәликуль-ҚуддуусусСәләәмуль-Му'минуль-Муһәйминуль Азиизуль-Жәббәәруль-Мутәкәббиру субхаан-Аллаһи ‘аммә юшрикуун ҺуәАллаһул-Хаалиқуль-Бәәри'уль-Мус аууиру ләһул-әсмәә'уль-хуснә юусәб-биху ләһу мә фис-сәмәәуәәти уәл-ард ый уә һуәл-АзиизульХакиим.

Мағынасы

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, бәрін Естуші һәм бәрін Білуші Аллаға сиынамын. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!

Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Ғайыпты да, жарияны да[1] толық білуші. Ол Рахман (күллі жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді). Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Мәлик (шексіз билік иесі), Қуддус (Өзі қандай мінсіз әрі пәк болса, күллі ғаламды да әрдайым кіршіксіз таза ұстаушы), Сәләм (есендік пен бейбітшілік кепілі), Му'мин (күмән мен үрейден арылтып, жүректерге иман нұрын ұялатушы), Муһәймин (күллі жаратылысты бақылауында ұстаушы һәм қорғаушы), Азиз (ұлы һәм үстем), Жәббар (күллі болмысты Өзіне бойсұндырушы, зұлымдық атаулыны жойып, әділдік орнатушы), Мүтәкәббир (ұлылығын паш етуге толық құқылы болған теңдесі жоқ ұлылық иесі). Алла олардың (мүшіріктердің) Өзіне серік етіп қосқандарынан және серік қосуынан мүлдем аулақ. Алла – Халиқ (бәрін жоқтан жаратқан жалғыз Жаратушы), Бәри (жаратуда ешкіммен ортақтас та, серіктес те болмайтын мінсіз Жаратушы), Мусаууир (әр жаратылысқа өзіне сай әрі жарасымды кескін-келбет беріп, бейнелеуші). Ең көркем есімдер бір Өзіне ғана тән. Күллі аспан әлеміндегі мен жердегінің бәрі Оған: «(Сен – мінсізсің. Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік һәм ең көркем есімдер мен теңдессіз қасиеттер бір Өзіңе ғана тән – деп), үнемі мадақ жаудырады! Ол – Азиз (ұлы һәм үстем), Хаким (әр үкімі мен әр ісінде көптеген хикметтер болған асқан дана).[2]

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадис-шәріпінде: «Кімде-кім таңертең үш рет: «(Рақымыңнан) қуылған шайтаннан, сақтай гөр деп, бәрін Естуші һәм бәрін Білуші Аллаға сиынамын», – деген соң «Хашр» сүресінің соңғы үш аятын оқыса, Алла Тағала әлгі құлы үшін кешке дейін кешірім тілеп, дұға ететін жетпіс мың періште тағайындайды. Егер ол адам сол күні дүниеден озса, о дүниеге шейіт болып аттанады. Ал кімде-кім кешке оқыса, оның жағдайы да таңертең оқыған адамның жағдайындай болады», − деген.[3]

 «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары» кітабынан

 


[1] яғни, сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де толық Білуші.
[2] «Хашр» сүресі, 22-24 аяттар
[3] Сунәну Тирмизи, Китәбу фадайл әл-Қуран 2846; Муснәду Ахмәд, Әууәлу Муснәди әл-Басриин 19419; Сунәну Дәәрими, Фадаайл әл-Қуран 3291

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру