Дәулетбек Байтұрсынұлы

03 желтоқсан 2018 5185 0
Оқу режимі

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қырғыздың «Молда Бағыш» атындағы және  халықаралық «Ильһам» сыйлығының, Түріксойдың «Мақтұмқұлы Фраки» медальінің иегері. 

 

Сені танып...

Пайғамбардың (с.ғ.с) тағдырын танығанша,
Пенделіктің өтті екен таңы қанша?
Бір селк етпей жүргеміз желе-жортып,
Қызған темір жүректі қарығанша...

Екі әлемнің көпірін салған Сардар,
Санасында өшпейтін жанған шам бар.
Тозақмпенен Жұмақты көзі көріп,
Сәуле болып ғарыштан тамған Сәруар.

Тозақ көріп жылаған үмбеті үшін,
Жадыраған Жұмақтың құрметі шын.
Рақымын жеткізген ұлы Алланың,
Пайғамбарлық жалғады міндет Ісін.

Періштелер өтсе де мың тасадан,
Аса алмаған Сидратул Мұнтахадан.
Расул жалғыз Аллаға барған екен,
Қалауымен Раббының тіл қата алған.

Өмірлері ыс-түтек, құйын болған,
Мүшірікке мойындау қиын болған.
Тәслім болды жүрегім ақиқатқа,
Мұсылмандық жайлауға миым қонған.

Сүйе білдім елшіні, елжіредім,
Махаббатым Құранда енді менің.
Онан ары Аллаға сәжде қылдым,
Хикметін жүрекке ендіремін.

Расулды танумен талпынғамын,
Шегінер жол өзіме қалтырмадым.
Әлмисақта алдында Әміршімнің,
«Әлһамдулла мұсылман» антым мәлім.

Адамменен жаратқан маса тілін,
Бір Құдайды таныды бас-ақылым.
Пайғамбарым (с.ғ.с) көрсетті саф адамның,
Періштеден шынымен асатынын.

Санамызды жаңарттың жолды  ұқтырып,
Арам шөпті сондықтан ордық түріп.
Саллаллаһу Әлаийки Әссалам,
Берген сенсің тағымды орнықтырып!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру