ДІНДЕС БАУЫР

22 шілде 2024 1488 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Мүмин бауырларың көп болсын. Өйткені қиямет күні (кәміл, салих) әр мүмин шапағат етеді». 

Қиын кезде көмек қолын созатын, түрлі жағдайда қасыңда болатын кісілермен достасу керек. 

Әулие әрі хадис ғалымы Мұхаммед ибн Уаси (рах.) былай дейді: «Дүниеде өмір сүру үшін үш себеп бар:

1. Жамағатпен намаз. Жамағатпен оқыған намаз сауабына ие боласың әрі намазда бір қате жіберген болсаң кешіріледі.

2. Қанағатпен өмір сүру. Басқа адамдарға ауыртпашылығың түспейді. Есебі де жеңіл болады. 

3. Дін бауыры. Отбасы мен туған-туыстан басқа көмекшің дегені.

Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) достарына келгенде: «Сендер менің мұңыма тарқататын », – дейтін еді. Діндес бауырымен әңгімелесуден артық қуаныш та, бақыт та жоқ. Олардың жоқтығынан ауыр нәрсе жоқ. Қайғыны азайтып, мұңды сейілтуге ең үлкен көмек – Алла тағаланың қалауына ризалық таныту және діндес бауырларымен сөйлесу. Діндес бауырлардың ең жақсысы, сені қорғап, қолдап, кішкене қателік жіберген кезде сені бірден айыптамайтын бауырың. Себебі достың мінезі досының мінезіне ұқсайды. Досына кешіріммен, түсіністікпен қарау керек. Қызғаныш – жаман ауру, ол арадағы сүйіспеншілікті бұзады. 

Адам досына жүк болудан да аулақ болуы керек. Бауырластықтың мақсаты тек дастархан басында бас қосып, ішіп-жеу емес. Қиындыққа душар болған дін бауырына көмектесу, бір нәрсе сұраса мүмкіндігінше беру нағыз бостықтың белгісі. Қиыншылықта сені ойламайтын, молшылықта қуанышыңды бөліспеген адамның достығының қадірі жоқ.

Пікірлер Кіру