ДІНІМІЗ БОЙЫНША МҰРА БӨЛІСІНДЕ ӘДІЛДІК

23 ақпан 2024 1870 0
Оқу режимі

Дінімізде әрбір тұлғаның; жас, қарт, eр, әйел және бала бәрінің меншіктік хақысы бар.

Исламда мирас/мұра құқығы; біреу қайтыс болғанда қарыздарын, өсиеттерін, жаназа істерін және мұрагерлер хақысын баяндайды. Кез келген нәрседегі секілді, мирас/мұра құқығында да дініміз әділдікдік орын алуын назарда ұстаған.

Табиғи түрде Ислам құқығында қызға, ұлға, анаға, әкеге, қарындасқа, аға-ініге, әйел мен ерге Илаһи тағдырға лайық әртүрлі үлес берілген. Бұл мөлшердің көп бөлігі аяттарда, бір бөлігі хадистерде, тағы бір бөлігі ижма арқылы нақтыланған. Үлес мөлшерінде әділетсіздік сөз болуы мүмкін емес. Керісінше хақысы сақталмаған адамдардың ақысы қайтарылған.

Мұрагерлік құқықта Алла Тағала ер-азаматқа қызға тиетін үлестік екі есесін беруді бұйырады. Кей жұрт мұның астарын және Жаратушымыз орнатқан әділетті ұға алмағандықтан қателікке, тіптен бүлікке ұрынуда.

Осы тұста мынадай сауалдың кесе-көлденеңдеуі табиғи жай деуге болады: “Әйел еркектен әлсіз әрі нәзік, табиғаты мұқтаж жаралғандықтан мұрадағы үлесінің ер кісіден артық болғаны, тым құрмағанда тең болғаны дұрыс емес пе? Керісінше ер адамның үлесіне екі есесі берілуінің нендей хикметі бар?” заманымызда адамдардың ойын жаулаған бұл сауалды тәпсіршілер мен факихтер былай түсіндірген:

Ол былай; Ниса сүресінің басынан бастап көрсетілгендей жалпы еркектер мен әйелдерді отбасылық өмірге бағыштайды. Мұра да осыған сай негізделген. Расында отбасылық өмірде күн көріске керекті нәрсеге жауапкершілік ер кісіге мінжеттелген. Ер-азамат өзіне және әйеліне, яғни екі адамға қарауға жауапты. Сондықтан еркектің шығыны көп, ал әйелдікі аз болады. Шығынның өзіне тиесілі үлеске лайық болуы қажет.

Күн көріс шығыны еркекке жүктелгенде үлес бөлісінде әйелге артық не тең мөлшер берілсе, әрі экономика қағидасына, әрі әділет пен адам құқығына қарсы құлымдық болмақ.

Негізі сол кезде құқықтық теңдік сақталмайды. Ислам дінінде әйелдің алған үлесімен әлдекімге қарау, нәпақасын беру секілді жауапкершілігі жоқ. Қалауынша жұмсап, қажетіне пайдалана алады. Алған үлесін сақтап, бағасын көтеріп, көбейте алады.

Мұнымен қатар, үйленгенде күйеуінен мәхір де алады. Ал еркек әйел, баласынан бастап, ата-анасына, мұқтаж болса бауырларына қарайласып, олардың нәпақаларын беруге жауапты. Бұл тұрғыдан қарағанда, ер кісінің міндеті көп; сол үшін үлесі де соған сай. Ал әйелдердің жауапкершілігі аз және үлесі соған лайық.

Алла Тағаланың белгелеп, мөлшерін өзі нақтылаған бұл әдіс әділет пен теңдік қағидасының таптырмас, әдемі үлгісін бекіткен. Әйелдердің пайдасы мен қажетіне қарай, нәпақаларындағы (алған үлесіндегі) айырма жауапкершіліктерінің тең болуы арқылы осындай құқықтық және экономикалық тепе-теңдікті сақталған.

Бір жағынан, Жаратушымыздың өз мүлкінен құлдарына берген ол мал-дүние құлы жүниеден өткен соң, шынайы иесі әрі қожайыны Алла Тағаланың еншісіне тиеді. Алла Тағала да бұл дүниені қайтыс болған адамның жақындары арасында өзінің илаһи есебіне сай (қалағанынша) мөлшерде бөледі.

Ұғу, түсіну қабілеті бар және қанағатшыл мұсылман ер мен әйелдер бұл жайды осындай жағынан ойланса, Ислам құқығында белгіленген әділдіктің астарына шүбә келтірмейді.

Қысқасы, мұрагерлік мал-мүліктің берілу жолының бірі ретінде мұра алушы адам Раббымыздың хақ үлгіде лайықтап, тағдырына жазған мал-мүлікке ие болады. Біреудің өзіне тиесілі емес әлдебір дүниеден иесінің рұқсатынсыз пайдалануы жайыз болмайтыны секілді, мұрадан да хақысы емес мал-мүлікті алуы харам. Харамды алған адамның амалы да, дұғасы да қабыл болмайды.

 

Пікірлер Кіру