ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН МҰСЫЛМАНДАРДЫ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЕСКЕ АЛУ КЕРЕК

31 шілде 2024 1550 0
Оқу режимі

Қайтыс болған мұсылмандарды жақсылықпен еске алып, жаман әрекеттерін сөз қылмаған жөн. Пайғамбарымыз (с.ғ.у.):

«Дүниеден өткен мұсылмандардың жаман істерін санамаңыздар. Өйткені олар ақырет үшін жасаған амалдарының қарсылығын алды».

«Адамдардың оны жақсылықпен еске алуынан, күнәларының жабылуынан және мүминдердің оған деген сүйіспеншілігінен адам ақыретте пайда береді. Тіпті, Хафаза періштелері: «Уа, Раббымыз! Бұл кісінің артында қалдырған ел-жұрт мақтаған игі істерімен қатар кемшіліктері де бар екенін білесіз. Бұлар ше?» дейді олар. Алла Тағала былай дейді: «Уа, періштелерім! Куә бол, олардың (дін бауырларының) білмеген күнәларын кешірдім. Мен де олардың білгендері туралы куәліктерін қабылдадым».

Әбул-Әсуад әд-Дуәли (р.а.) былай дейді: «Мен Мәдина-и Мунаууарға келдім. Індет басталып, көптеген адамдар қайтыс болып  жатты. Омарға бардым, осы кезде қасымыздан жаназа рәсімі өтті. Сол мәйттің жақсылығын, таза өмірін сол жердегілердің бірі еске алды. Омар: «Парыз болды» - деді. 

Мен: «Уа, мүміндердің әміршісі! Неге олай дедің?» - деп  сұрадым, ол былай деді:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) айтқан. Кімде-кім төрт мүмин болып, ол дүниеден өткен мұсылман бауыры туралы жақсы істермен еске алса, Алла Тағала оны жәннатқа кіргізеді».

«Үш адам еске алса, осылай бола ма?» - деп сұрадық. "Үш адам айтса дәл солай болады" - деді. «Екі адам айтса ше?» - дедік.

«Егер екі адам куәлік берсе де солай болады» - деді. Бір адамның куәлігін сұрамадық.

Ал, кәпірлер, екіжүзділер, күнәһарлар (күнәні ашық жасайтындар) болса, олардың өмірлеріндегі жаман жағдайларын санау бұл үкімге кірмейді. Керісінше, адамдарды одан ескерту үшін зұлымдардың зұлымдықтарын айтудың да қажеттілігі бар. 

Пікірлер Кіру