ЕР-ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

14 қаңтар 2026 300 0
Оқу режимі

Ел билігін ұстағандардың көбі – ер азаматтар.

-Министр де, әкім де – көбіне еркек.

-Есірткіге салынған да, оны таратқан да – көбіне еркек кіндіктілер.

-Ар-намысқа тию, әдепсіз қылықтардың басым бөлігі ер адамдардан шығады.

-Қыз бала ұятсыз киініп жүрсе, оның түбінде тәрбие бермеген әке, қадағаламаған аға, жауапкершілік алмаған еркек тұрады.

-Қылмыстың дені – еркектің қолымен жасалады.

-Ата-ананың қадірін білмеу де көбіне ер азаматтардан табылады.

-Отбасындағы зорлық-зомбылықты бастаушылардың алды да – ерлер.

-Мемлекет ішіндегі былық пен парақорлықтың тізгінін ұстап отырған да – еркектер.

-Ажырасудың көбі еркектің ниетінен туындайды.

-Ағайын арасындағы мұраға талас, еншіні жеу де көбіне ерлердің ісі.

+ Бұл жерде әйелді ақтап отырған жоқпыз. Әйелдің де өз жауапкершілігі бар. Бірақ бүгінгі қоғамдағы ардың азуы, иманның әлсіреуі, ішімдік, нашақорлық, қылмыс, қантөгіс, әдепсіздік пен жемқорлықтың басында көбіне ер азаматтардың өздері тұр.

+ Қазақта «Ер – елдің қорғаны» деген сөз бар. Ер түзелмей, ел түзелмейді. Көшті бастайтын көсем адасса, соңынан ерген жұрт та жолдан шығады.

+ Қазіргі қоғамда әйелдің де бұзылып бара жатқаны рас. Бірақ оның түп-төркіні де – еркектің әлсіздігінен: тәрбиелейтін әке жоқ, жөн сілтейтін аға жоқ, қорғайтын, қызғанатын жар жоқ. Соның салдарынан әйел өз болмысынан алыстап барады.

+ Сондықтан, ең алдымен, еркек өз-өзіне қожа болсын. Отбасына ие болсын. Әйелін де, баласын да жауапкершілікпен тәрбиелесін. Ақылға келейік, ойланайық. Әйтпесе қоғамымыз үлкен рухани құлдырауға бет алып барады.

Abdulakhad Smanov

Пікірлер Кіру