ЕРКІНДІК СЫРЫНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ КӨРІНІСІ

04 ақпан 2025 660 0
Оқу режимі

Бір топ адамдар мистикалық сопылық дана Халлаж Мансурға келіп:

«Ұстаз қалай еркін болады?»,  деп сұрайды.

Халлаж Мансұр ештеңе деместен жақын маңдағы ғибадатхана бағанасын жүгіріп барып құшақтап алады да:

«Көмектесіңдер, мені құтқарыңдар, мені бағанадан босатыңдар» деп айқай салыпты.

Көпшіліктен:

«Әй, Мансұр бағананы жібер, босап кетесің» деген дауыстар естіледі. Сонда Халлаж Мансұр:

«Бағананы ұстап тұрған мен деп ойлайсың ба, әлде бағана мені ұстап тұр ма?» дейді көпшілікке.

Көпшілік:

«Бағананы сен ұстап тұрсың ғой» дейді.

Халлаж Мансұр көпшілікке қарап тұрып, былай дейді:

«Міне, барлық байланыстарың бұл сенің тізбектерің, бірақ олар сені ұстамайды, сен оларға жабысып қалғансың. Кетсін, босат. Сонда еркін әрі бостандықта боласың. Бостандық бар және болады да, оны тартып алу мүмкін емес».

 

Жарас АҚАН

Пікірлер Кіру