Ерзат Төлешұлы

12 желтоқсан 2018 4318 0
Оқу режимі

Ерзат Төлешұлы. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің 4-курс студенті.

Пайғамбар салған сара жол

Сан апталар, сан айлар, сағым жылдар,
Сансыз уақыт тізбегін бағындырған.
Өткен өмір – тарих, есте бірақ,
Әз, Пайғамбар () үмбетті сағындырған.

Сағындырған. Сағынған, сарғайған жұрт,
Шартарапқа таратқан шамдай жарық.
Есі кеткен – мінезі, нұр өңіне,
Досы түгіл, дұшпаны таңдай қағып.

Таңдай қағып, таңырқап, тамсанатын,
Сөз емес-ау, тілінен бал таматын.
Сараланған сүрлеудей саф асыл-дүр,
Құнын жоймас өтседе қанша ғасыр.

Қанша ғасыр, өтседе қанша заман,
Келседе, кетсе өмірден қаншама адам,
Ешкім жоқ өмір сүрген Ол сияқты,
Ешкім жоқ Оның жолын қайталаған.

Қайталаған ешкім жоқ сенсең егер,
Сыр ұғарсың сәл көңіл бөлсең егер.
Мына әлемге жәйған Сол – мұсылмандық,
Өкінбен Кәлима айтып өлсем егер.

Өлсем егер өкінбен жолында Оның,
Себебі шапағатшың сенің, менің.
Шүбәсіз бақыт табам ізіне ерсем,
Момын біткен үлгі етпек Оның жолын.

Оның жолын ұстанам, сенде ұстан,
Дін дегенің тұрады өр намыстан.
Ешқашан дінсіз қоғам болған емес,
Ал, Хақ дінді ұстанған ел – данышпан!

Ел – данышпан. Беу, Қазақ, құрметті елім!
Әдмисақтан Хақ жолы үлгі еткенің.
Қос әлемнің сардарын сүйген жұртпыз,
Салт-дәстүр ғып орындап сүннеттерін.

Сүннетерін біз әлі тірілтеміз,
Қайта тұрып, Хаққа ұмтыл сүрінсеңіз.
Пайғамбарға үмбет бол, Құдайға құл,
Басты қылыш кеспейді иілсеңіз!

Пікірлер Кіру