ЕСКЕРІЛМЕЙ КЕТКЕН ЕСТІ СҮННЕТ

02 мамыр 2024 291 0
Оқу режимі

Хақ дін Исламның негізі – Құран мен Сүннет, сосын осы

(екі негізді түсіндіретін) ғалымдар еңбегі.

Сүннет дегеніміз – пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) өнегесі,

Өмір жолы.

Сүннет болмаса, ата дінімізді түсіну мүмкін емес.

Себебі:

Сүннет – қасиетті Құранның түсіндірмесі, Жаратушы үкімдерін өмірде іске асыру тәжірибесі, адамшылық қалыбы. Алла Елшісінің бүкіл сүннеті – көре білген адамға ғибрат пен өнегеге, даналық пен адамшылыққа толы.

Біздің ойымызша,

көп айтылмайтын, мән берілмей тасада қалған сүннеттің бірі – жолыққан адамға бірінші кезекте Адам деп қарау.

Яғни алдыңда тұрған жанның

(қазақ қалай жақсы қолданады осы сөзді!) жынысынан, жасынан, түрінен, киімінен, атағынан, күйінен (хәлінен), жағдайынан, дінінен бұрын оның Адамдығын көре білу, Тұлға ретінде қадірлеу!

Адамға осылай қарым-қатынас жасау – әуелі Ұлы Раббымыздың бұйрығы:

«Уа, адам баласы!

Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден

(Адам ата мен Хауа анадан) жараттық.

Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлыстарға, ру-тайпаларға бөлдік.

Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуа болғандарың. Шәксіз, Алла – толық

Білуші, әр нәрседен Хабар алушы».

(Құран, «Хужурат» сүресі, 13-аят.)

Яғни: бәріміз – бір ата-анадан тараған бауырмыз; түбіміз, тегіміз, табиғатымыз – бір…

Бірде ардақты Пайғамбарымыз

(Ол кісіге Аланың игілігі мен сәлемі болсын!) табыт көтеріп бара жатқандарды көргенде, орнынан тұрып ізет білдіреді. Қасындағы сахабалар ол мәйіттің мұсылман еместігін, еврейлердікі екенін айтқанда, Пайғамбарымыз:

«Кім болса да, адам емес пе?» деген екен…

Енді тарихи танымымызға зер салып көрейік.

Түркі дүниесінің әулиесі, Әзіреті сұлтан Қожа Ахмет Яссауи бабамыз

(Алла ол кісіні рақымына бөлесін!) былай дейді:

«Сүннет екен: кәпір де болса – берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар (безер)». Шығыстың жеті шайырының бірі Сағди Ширази «Мұсылмандар – бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес.

Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілген күйде онымен бірге болады»

(Муслим жеткізген) деген хадистегі ойды ары тереңдетіп:

«Бір Дененің мүшесіндей – жер бетінде бар адам, Қағбаның алтын құлпы – Қазақстанда 13.10.2022 Мәуліт қашан тойлана бастады?

13.10.2022.

Өйткені олар жан беруші бір негізден тараған.

Сол Дененің бір мүшесі дертті болса бір күні, Өзгесі де құты қашып, ұмыт қылар күлкіні.

Басқа жанның қайғысынан өзегіңді жара ғып, Қан жұтпасаң – «Адаммын» деп айтпай-ақ қой, қарағым!» – деп түйіндейді

(Ләйлі Құндақбайдың аудармасы).

Ал ұлт ұстазы Хакім Абай былай тұжырыпты:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті! Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп, Және «хақ жолы осы» деп Әділетті».

Хакім«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ойын өзінің отыз жетінші қара сөзінде:

«Әкенің баласы – дұшпаның, адамның баласы – бауырың» деп, шегелей түседі.

Ал 34-ші Сөзінде былай дейді:

«Адам баласына адам баласының бәрі – дос.

Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, Ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың – бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен.

Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?..

Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?

Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен «еңбегімді жандыр» демей, «пәленшенікін әпер» демек – ол Құдайға айтарлық сөз бе?

Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар?

Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр

«ой, Тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз?

Оның несі адам?»

Енді Шәкәрімге құлақ түрелік:

«Әлемдегі діндердің түп мақсұты, Үш нәрседен бұлжымай құшақтасар:

Құдай бар, ұждан дұрыс, Қиямет шын – Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бөліп, дұспандық қару жасар. «Інжіл» «Құран» – бәрі айтып тұрса-дағы, Адасып, ардан күсіп, қара басар».

Бұл жерде Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамды бауыр тұтпау – адасу», – деп ашық айтып отыр.

Міне, бабалардан жалғасып келе жатқан ұстаным – қазақтың дәстүрлі дінінің берік іргетасы, негізі; бұл Сүннетті аталарымыздың анық біліп, айнытпай ұстап келгендігінің бір дәлелі.

Бұндай танымның қазақ діліне сіңісті, мінезіне тән екеніне өткен ғасырдағы жағдай куә:

қазақ жер аударылған ұлт өкілдерін жатсынбай, алаламай, «адамның баласы ғой» деген жанашырлықпен бауырына баса білді…

Иә, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед

(Ол кісіге Аланың игілігі мен сәлемі болсын!) адамға

Адам ретінде қарауды, оның сырт бейнесіне алданбай, рухани назарды өзегіне – асыл рухына бағыттауды үйретіп кетті.

Ардақты Елшінің айтарын емеурінінен түсінген, Оның мінезі – Құран екенін қапысыз білген, өздерін Пайғамбар рухымен үндестіре алған әулиелер осы Жолды ұстанды, осы Сүннетті жалғады!..

АЛҒАДАЙ ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру