ЕУРОПАНЫҢ БІЛІМ ҚАЙНАРЫ ҚАЙДАН? (Ойландырарлық деректер)

30 мамыр 2024 380 0
Оқу режимі

1502 жылы Испанияның патшайымы Изабелла Андалусия (Испания) мұсылмандарын қудалау қаулысын жариялап, Гранаданың «Баб Рамбала» атты алаңында мұсылмандардың миллиондаған кітабын өртеуді бұйырады. Кейбір деректерге сүйенер болсақ, Баб Рамбалада 1 миллион 25 мың кітап өртелген. Патшайымның қарарын жүзеге асырудың басында кардинал Сиснерос тұрады.

Іс тек кітаптарды өртеумен бітпеді. Мыңдаған мұсылман отқа тасталды. Изабелла патшайым мен Фердинанд патшаның католик шіркеуімен болған одақтың келбеті осындай болды.

Испаниядағы мұсылмандардың ғылыми мұрасы қандай еді? Франциядағы Патша кітапханасы 900 кітаптан тұрса, Кордовадағы (Испания) 70 кітапхананың бірінде 500 мың кітап болатын. Испания мұсылмандарының арқасында Европа Аристотель т.б. көне заманның ойшылдарымен танысты. Сол ойшылдардың еңбектерін европа тілдеріне аударып бергенде мұсылман ғалымдары еді. Мұсылмандардың дәуірінде Кордова университеті Европа университеттерінің көшбасшысы еді.

Испания инквизиясы ұйымдастырған құдалаудың нәтижесінде 300 мың мұсылман Солтүстік Африка, Түркия, Балканға қоныс аударуға мәжбүр болды. Қоныс аудармағандары зорлап шоқындырылды, отқа жағылды. Испаниялық ақын, драматург Федерико Гарсиа Лорканың айтуынша: «Нәтижеде Европада болмаған теңдесіз поэзия, астрономия, архитектура құрдымға кетті».

Бірақ дегенімен, Андалусиядағы Ислам өркениетін жойған европалықтар мұсылмандардан қалған ғылыми мұраның арқасында бірте-бірте дамыған, өркениетті қауымға айналды. Бұл айтылғанға физика саласындағы Нобель сыйлығының иегері Пьер Кюри былай деген: «Бізде мұсылмандық Андалусияның отыз ғана кітабы қалды. Соның арқасында біз атомды бөлшектей білдік. Жағылған жарты миллион кітап отқа тасталмағанда біз космоста галактикаларды аралап жүрер едік».

 

Абдуссамад Махат

 

Пікірлер Кіру