Кітап туралы ең қызықты деректер

15 қыркүйек 2020 36146 0
Оқу режимі
  • Имам Бұхари 600 мың хадис жинақтаған. Соның ішінде 100 мың сахих, 200 мың дайиф хадистерін жатқа білген. Бұхари хадистерді жинақтау барысында 90 мыңнан астам адаммен жолығып, хадис риуаят еткен.

  • Әйелдер еркектерге қарағанда кітапты көп (68%) сатып алады.
  • Дүниежүзі бойынша сатылатын кітаптардың  жартысынан көбін 45 жастан асқан адамдар сатып алады.

  • Италиялық Рио Козелли деген оқымысты әлемдегі ең іш пыстыратын кітаптарды жинаған. Оның барлық кітабы 10 000 томды құраған. Бір күні жолы болмай қойған италияндық ақын өз кітабын Коззели кітап коллекциясынан көргенде, өзіне қол жұмсауға шақ қалған.
  • Абақтыда жатып жазу жоспары түзілген кітаптардың тізімінде Сервантестің «Дон Кихоты», Жон Банянның «Әулиенің саяхаты», Оскар Уайльдтың «Абақтыдағы кешірім», Никола Макиавеллиннің «Әмірші» шығармалары бар. 

  • Қалың оқырмандар арасында өткен кітапты дауыстап оқу марафоны 224 сағат созылған.
  • Ғылымда кітап ұрлаушыларды библиоклептоман деп атайды. Дүниедегі ең атақты кітап ұрысы – Стивен Блумерг . Ол 270  кітапханадан 23 мыңға жуық таңдаулы шедевр кітаптарды ұрлаған. Оның кітапхана қорының құны 20 млн  доллардан асып жығылады.

  • Дүниедегі ең үлкен сөздік – «Неміс сөздігі» («Deutsches Wortetbuch»). Мұны Якоб ва Вильгельм Гримм 1854 жылдан бастап құрастыра бастаған. Бұл іске, кейінен, көптеген ғалымдар үлес қосып, 1971 жылы сөздік жазылып бітеді. 33 томдық бұл сөздік – 34519 беттен тұрады.

  • Әлемдегі ең атақты жазушылардың бірі һәм бірегейі – Агата Кристи. Оның детективті хикаялары 50-ден астам тілдерге аударылып, әліге дейін оқылым тақтасынан түспей келеді. Кристидің кітаптарының басылым саны – 2 млрд-тан асады.

  • Дүниедегі ең ауыр кітап Британия музейінде сақталған ХVII ғасырға тиесілі географиялық  атлас екенін білесіз бе? Ол кітаптың ұзындығы – 1,9 мерт, ал салмағы – 320 келі тартады.

  • Google дүниедегі жарық көрген барлық әдеби, публицистикалық, ғылыми шығармаларды есептен шыққан . Олардың ұзын-ырғасы 130 млн-нан асқан.
  • Дүниедегі ең мәшһүр кітап кейіпкері – Наплеон. Ол жайында 100 мыңнан астам әртүрлі жанрдағы кітаптар жазылған.

  • Адамдардың 95 %-ы минутына 210 сөз оқиды. Ал 2 минутта 1,5 бет оқиды.
  • О. Бальзак жарты сағатта 200 бет оқыған.

  • Баланы оқуға қызытыратын ең оңлайлы уақыт – 4-6 жасар кезі екен. Баланы 7 жасынан бастап оқуға баулу көп қиындықтарды тудырады.
  • Оқырмандардың көпшілігі кітаптың 18-ші бетіне келгенде-ақ қызығушылықтарын жоғалтып алады.

  • Дүниедегі ең көп гонорар (қаламақы) Рим императоры Марк Аврелий тарапынан Оппиан атты ақынға берілген. Оның балық аулау мен аңшылық хақындағы дастанының әрбір жолына 1 алтын беріп отырған. Оның екі дастаны 20 мың бәйіттен тұрады.
  • Дүниедегі ең қымбат шығарма Леонардо да Винчидің өз қолымен көшіріп жазған «Лейчестер кодексі» кітабы екен. Оны «Майкрософтың» негізін салушы Билл Гейтс 1994 жылы Нью-Йорктағы «Сотбис» аукционында 30,8 млн долларға сатып алған.

  • Дүниедегі ең үлкен кітап хәлінде жарық көрген жинақ Ирландия университеті тарапынан 1968-1972 жылдары шығарылған. Бұл 1112 томдық «Британия парламентінің құжаттары» деп аталады. Жалпы жинақтың салмағы 3,3 тоннаны құрайды. Оны бастан-аяқ оқып шығуға 6 жыл кетеді.
  • Әлемдегі ең ежелгі кітап Присс папирустары болып табылады. Ол б.з.б. 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба, оны 1839 жылы тапқан Фивадан тапқан Эмиль Присстің құрметіне осылай аталған. Қолжазбаның авторы – перғауынның уәзірі Пта-Готеп. Ол қолжазбада – жастардың тәрбиесіздігіне, ақымақтығына, мәнез-құлықтарының өзгергеніне налыған.

  • Қазіргі таңда әлемдегі ең үлкен кітап – «Бұл – Мұхаммед (с.ғ.с.)» деп аталады. Оның салмағы 1,5 тонна шығады. Кітап 429 беттен тұрады. Оны 9 ай бойы 50 адам жасап, 2,7 млн доллар жұмсаған.

  • Атақты голланд дәрігері Герман Бурхавеннің «Емшілік өнердің терең сырлары» атты кітабы автор қайтыс болғаннан кейін, 1738 жылы 10 мың доллар алтынға аукционда сатылған. Бір қызығы, көркем бедереленген бұл кітаптың барлық беттері бос, яғни ештеңе жазылмаған. Тек қана бірінші бетінде мынадай сөйлем бар: «Басың тоңса да, аяғыңды жылы ұста. Сонда ғана сен ең мықты дәрігерлерді де кембағалға айналдырасың».

Аударған: Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру