Көзге жасалатын жаттығулар

24 маусым 2020 16450 0
Оқу режимі

Көзге жасалатын жаттығуларға назар аударыңыздар. Бұл жаттығуларды күнде жасап жүрсеңіздер денсаулығыңызға  пайдалы болады. Негізі адам көзіне көзілдірік киіп жүрсе біраз уақыттан кейін оның көзінің көруі нашарлайтыны дәлелденген екен.

Сондықтан көзілдіріктен бас тартып, осы кестеде көрсетілген жаттығуларды орындаңыздар. Әрине көзілдірікті тағу міндетті кездер де болады, дегенмен көп жағдайда көздің көруін қалпына келтіру мәселесін қолыңызға алып жаттығулар жасасаңыз, жейтін тамағыңызға мән берсеңіз, уақытында ұйықтап, күн тәртібін көп бұзбасаңыз, жақсы нәтижелерге жетесіз. 

Көздің көруін қалпына келтіру барысында мынадарды да ескерген жөн:

  • Көзге көп күш түсірмеуге тырысыңыз, күндіз аздап ұйықтап алыңыз немесе   2-3 сағат сайын көзіңізді жұмып отырыңыз.
  • Көзге арналған жаттығуларды жасаңыз.
  • Егер көзіңіз емдеуге келетін болса, көзілдіріктен бас тартыңыз.
  • Арнайы нүктелерді басып отырып көз айналасына массаж жасаңыз.

Алдымен екі саусақпен (балаң үйрек және ортан терек) көзіңіздің алмасын сегіз рет басыңыз, ауыратындай қатты басуға болмайды. Сонан кейін суретте көрсетілген нүктелерге екі реттен басып шығыңыз. 

  • Күн тәртібін сақтаңыз  (сағат 10-00 ұйықтауға жатып күн шыққанға дейін оянуыңыз керек.
  • Көзілдірік кимей қыдырыңыз, алысқа көп қараңыз.
  • Диета сақтаңыз (майлы, қуырылған, тұзды, қақталған, ұн тағамдарын жемеңіз), сәбізден жасалған шырынға олива майының бірнеше тамшысын қосып ішіңіз
  • Кешкі 19-00 кейін компьютер қолданбаңыз.
  • Демалыңыз, жақсы музыка тыңдаңыз, көзге салмақ түсіретін ауыр жұмыс пен дене жаттығуларын шектеңіз.

Есет Қилыбаев

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру