МОЙЫНСҰНУШЫ ХАСАН (Ғибрат)

Хасанның мойынсұнушы болғаны сонша, ол үнемі өзін басқалардан төменмін деп есептейтін. Бірде ол Дажлы өзенінің жағасында бір әйелмен бірге отырған, алдарында бір бөтелке шарабы бар, бір адамды көреді. Оларды көрген Хасан:
“Мына адам қандай бұзылған? Егер ол мендей тақуа болса ғой,”-деп ойлады.
Дәл сол кезде олардың жанына бір қайық жүзіп келіп, суға батып бара жатады. Әлгі әйелмен отырған жігіт орнынан атып тұрып суға сүңгіп кетіп, суға батып кеткен жеті адамның алтауын құтқарып қалды. Сосын ол Хасанға қарап:
“Егер менен артық екенің рас болса, Құдай үшін, жетінші адамды құтқаршы кәне! Құтқара алғанның өзінде сен біреуін ғана құтқарасың, ал мен алтауын құтқардым,”-деді. Хасан оны да істей алмайтын. Сол кезде ол жігіт оған:
“Мына әйел менің анам, ал мына бөтелкеде тек су бар. Бұл оқиға сені сынау үшін жасалынды,”-деді. Хасан оның алдына тізерлей жығылып:
“Сен алты адамды құтқардың, жетінші адам ретінде мені де тәкаппарлық пен мақтаншақтықтан құтқаршы,”-деп жалынды. Ол жігіт:
“Құдай сенің қалауыңды берсін!”-деді. Хасан ол жігіттің батасы қабыл болғанын сезді.
Содан бастап ол сонда мойынсұнушы болады, бірде ол көшеде келе жатып бір қаңғыған итті көріп:
“О Құдайым! Мына итіңнің құрметіне мені Өзіңнің құлың санашы!”-деп дұға жасайды.
Фариддин Аттар "Тазкират ул-аулия"
шығармасынан үзінді.
аударған Жүрсін Кәрім