Намаз және оның дәлелдері

25 мамыр 2021 7625 0
Оқу режимі

Алланың бар екен­ді­гі мен да­ра­лы­ғын бі­ліп рас­тау – ең үл­кен па­рыз. Осы­дан кейін­гі па­рыз­дар­дың ең үл­ке­ні жә­не ең ма­ңыз­ды­сы – на­маз. На­маз – жү­рек­тің нұ­ры, рух­тың кү­ші, мұ­сыл­ман­ның ке­ре­ме­ті.

На­маз – сөз­дік­те «дұ­ға ету», «жақ­сы дұ­ға ету» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Та­ға­ла Құ­ран­да: «Олар­ға дұ­ға ет. Се­нің дұ­ғаң олар­ға ра­қым­шыл­дық», – дейді[1]. Ша­ри­ғат­та на­маз – тәк­бір­мен бас­та­лып, сә­лем­мен аяқ­та­ла­тын, ерек­ше қимыл-қозғалыстар мен сөз­дер­ден тұ­ра­тын ға­жайып ғи­ба­дат.

На­маз Ис­лам­нан бұ­рын­ғы ила­һи (құ­дай­лық) дін­дер­де де па­рыз-ды. Ха­зі­ре­ті Мұ­хам­мед­ке (с.ғ.с.) бес уа­қыт на­маз па­рыз етіл­мей тұ­рып, тек қа­на таң мен ақ­шам уақы­тын­да екі рет на­маз оқыл­ған. Кейін Миғ­раж тү­нін­де бес уа­қыт на­маз па­рыз бол­ды. На­маз­дың па­рыз­ды­ғы Құ­ран, сүн­нет жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Құ­ран­ның көп­те­ген же­рін­де «На­маз оқың­дар жә­не зе­кет бе­рің­дер» – деп на­маз­дың өте ма­ңыз­ды па­рыз екен­ді­гін біл­дір­ген. Олар­дың кейбі­рі мы­на­лар: «Бар­лық на­маз­дар­ды жә­не ор­та на­маз­ды сақ­таң­дар»[2]. «Ра­сын­да, на­маз бел­гі­лен­генар­найы уа­қыт­тар­да па­рыз етіл­ді»[3]. «Алайда, олар бар­лық бұ­рыс дін­дер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, шы­найы түр­де Аллаға құл­шы­лық ету­ден, на­маз­ды тұп-ту­ра оқу­дан жә­не зе­кет бе­ру­ден өз­ге нәр­се­ге әмір етіл­ме­ген бо­ла­тын»[4] «На­маз­ды то­лық оқың­дар...»[5].

Бұл ту­ра­лы риуаят етіл­ген көп­те­ген ха­дис­тер бар. Соның бірі:

«Ибн Омар­дан (р.а.) риуаят етіл­ген бір ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Ис­лам бес нәр­се­ден тұ­ра­ды: Алланан бас­қа құ­дай жоқ еке­ні­не жә­не Мұ­хам­мед Алланың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ету, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру жә­не Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау»[6].

Бір күн­де мұ­сыл­ман­дар­ға бес уа­қыт на­маз – па­рыз. Атау (нә­зір), үтір, жә­не айт на­маз­да­ры – уә­жіп. Бір бәдәуи (шөл ада­мы) жайлы ха­дис­те на­маз­дың бес уа­қыт еке­ні айты­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.): «Бір күн­нің ішін­де па­рыз етіл­ген на­маз бесеу», – дейді. Бәдәуи сон­да: «Ме­нің бұ­дан бас­қа бо­ры­шым бар ма?», – деп сұ­ра­ған­да, Алла Ел­ші­сі: «Жоқ, егер өз­ді­гің­нен нә­піл на­маз оқы­саң, ол бас­қа», – деп жауап қайта­ра­ды. Сон­да бәдәуи: «Се­ні ақи­қат­пен жі­бер­ген Аллаға ант ете­мін. Бұ­дан бас­қа не ар­тық, не кем на­маз оқы­май­мын», – де­ді. Сон­да Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай де­ді: «Сө­зі рас бол­са, ол адам жән­нат­қа ба­ра­ды»[7].

На­маз­дың пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

На­маз – Алла пен құл ара­сын­да­ғы байла­ныс не­гі­зі. Бес уа­қыт на­маз­ды ор­ны­мен оқып, үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ның кі­ші кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ті­ні жайлы аят­тар мен ха­дис­тер бар. Құ­ран­да бы­лай дейді: «(Ей, Мұ­хам­мед!) Са­ған уахи етіл­ген кі­тап­ты оқып, на­маз­ды орын­да. Кү­дік­сіз на­маз ар­сыз­дық пен жа­ман­дық­тан тыяды»[8].

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) са­ха­ба­лар­ға: «Сен­дер­дің ара­ла­рың­нан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дын­да өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са, ол адам­да кір қа­ла­ ма?» – деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жо,қ қал­майды», – деп жауап қайыра­ды. Сон­да Алла Ел­ші­сі (с.ғ.с.): «Су­дың кір­ді та­за­лайты­нын­дай бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды»[9].

Бас­қа бір ха­дис­те бы­лай дейді: «Бес уа­қыт на­ма­з бен жұ­ма на­ма­зы үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ды ке­ле­сі жұ­ма­ға дейін­гі жа­са­ған кү­нә­ла­ры­нан арыл­та­ды»[10].

Ақы­рет­те адам ба­ла­сы есеп­ке тар­тыл­ған­да, ең ал­ды­мен на­маз сұ­ра­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­тын ама­лы мен іс-әре­ке­ті – на­маз». Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Алла Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?» Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Алла Та­ға­ла «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», – дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»[11].

Иә, адам­ды ең көр­кем түр­де жа­ра­тып, жер­ді бе­сік, көк­ті ша­ңы­рақ, күн­ді шы­рақ етіп игі­лі­гі­не ұсын­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы адам­ға бер­ген мұн­ша­лық ырыс-бе­ре­ке­ті­нің қа­ры­мы­на шү­кір ету­ле­рін қа­лайды. На­маз – күл­лі шү­кір­ді қам­ты­ған ғи­ба­дат. Мы­на кө­рін­ген жә­не кө­рін­бе­ген шек­сіз әлем қа­ңы­ра­ған са­рай емес. Ке­рі­сін­ше, он­да Алла Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат ет­кен сан­сыз пе­ріш­те­лер бар. Кей­бір пе­ріш­те­лер жа­рал­ға­лы сәж­де­де. Ен­ді бі­рі жа­рал­ға­лы рү­күғ­та тұ­рып, Алла Та­ға­ла­ны пәк­теуде. Ен­ді бі­рі түрегеп тұ­рып, Алла Та­ға­ла­ны нұқ­сан­дық пен шірк атаулы­дан пәк­теп, ғи­ба­дат ету­де. Мі­не, на­маз­да осы пе­ріш­те­лер­де­гі ғи­ба­дат тү­рі­нің бә­рі бар. Сол се­беп­ті, әлем тұтастай Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат­та. Мы­са­лы, алып бәйте­рек­тер кі­ші­лі­гін паш етіп, қол­да­рын жер­ге жай­ған сүм­бі тал­дар са­мал жел­мен тер­бе­ле қоз­ға­лып, Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат жа­сайды. Пла­не­та мен ас­пан де­не­ле­рі бір-бі­рін бейне бір Қағ­ба тә­різ­ді айна­лып, күл­лі әлем Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны пәк­теп, өз тіл­де­рі жә­не іс-әре­кет­те­рі­мен ғи­ба­дат үс­тін­де. Мі­не, осы­ның бә­рі на­маз­да бар.

Әрі на­маз­да адам­ға па­рыз, сүн­нет ғи­ба­дат тү­рі­нің бә­рі бар. Бір мұ­сыл­ман на­маз­ға тұр­ған­да «Аллау әк­бар» деп бас­тайды. Яғ­ни, я, Ұлы Жа­ра­ту­шым! Мы­на әлем­ді сен жа­рат­тың. Ме­ні де сен жа­рат­тың. Мен се­нің құ­лың­мың. Сен Ұлы­сың. Одан кейін Алланы пәк­теп, ма­дақ­та­ған дұ­ға оқы­ла­ды. Яғ­ни, ей, Ұлы Ием! Се­нің еш­қан­дай ор­та­ғың да, се­рі­гің де жоқ. Сен нұқ­сан­дық атаулы­дан мүл­дем ада­сың, пәк­сің. Осы­лайша мұ­сыл­ман әрі қа­рай қы­ра­ғат­қа бас­тар­да бар­лық қуыл­ған шай­тан­нан жә­не олар­дың жа­ман­дық пен ке­се­пат­тық іс-әре­кет­те­рі­нен Алла Та­ға­ла­ға сиына­ды. Бұл жер­де әл­сіз­ді­гін се­зі­ніп, Ұлы бі­реуді па­на­лау бар. Бұ­дан кейін қы­ра­ғат оқи­ды. Яғ­ни, на­маз­да Құ­ран оқу да бар. Әрі на­маз­да ора­за да бар. Өйтке­ні, адам на­маз­да бір нәр­се же­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. На­маз­да зе­кет те бар. Бү­кіл бес уа­қыт на­маз адам­ның ша­ма­мен жиыр­ма төрт са­ға­ты­ның бір са­ға­тын ала­ды. Адам өзі­нің күн­дік өмі­рі­нің бір са­ға­тын зе­кет етіп, Алла Та­ға­ла жо­лы­на бе­ре­ді. Оның қа­ры­мы ре­тін­де ақы­рет­те Алла Та­ға­ла жән­нат­ты бер­мек.

Хақ тағалаға деген құлшылықтың мәні

Күл­лі жа­ра­ты­лыс атау­лы − Алла Та­ға­ла­ның құдіретін, ше­бер­лі­гін, ілі­мін, жал­ғыз­ды­ғын, ұлы­лы­ғын та­ны­тар же­ке-же­ке құ­дайы­лық мөр. Біз осы­лар­ға қа­рап Оны таны­дық, әлі де та­ну үс­тін­де­міз. Алла Та­ға­ла Құран Кәрім­де: «Мен жын­дар мен адам ба­ла­сын «тек қа­на (ме­ні та­нып), ма­ған ғи­ба­дат ет­сін» деп жа­рат­тым»[12] – дей­ді.

Де­мек, Алла Та­ға­ла біз­ді бұл дү­ниеге Өзін мы­на жара­ты­лыс­қа қа­рап тап­сын, та­ны­сын, біл­сін, құ­ді­ре­ті­нің, ше­бер­лі­гі­нің, ілі­мі­нің ал­дын­да таң­ға­лып, бас исін, құл­шы­лық ет­сін деп жі­бер­ген. Мы­са­лы, кез-кел­ген атақ­ты су­рет­ші­нің та­би­ғат­ты өр­нек­те­ген су­ре­ті­не қа­рап таң­ға­лып, там­са­на таң­дай қа­ға­мыз. Оның өне­рін, ше­бер­лі­гін, та­лан­тын мой­ын­дап, оған мақтау ай­та­мыз. Ал, ен­ді сол су­рет­ші­нің сал­ған су­ре­тін бір сәт ба­ға­лап кө­ре­лік­ші!... Өс­пей­ді, өн­бей­ді, төрт мез­гіл­де әр түр­лі құ­бы­лыс­қа енбей­ді, ағаш­та­ры же­міс бер­мейді, су­ла­ры ақ­пай­ды, құс­та­ры сай­рап, ба­лық­та­ры жүз­бейді. Мі­не, біз­дер осын­дай жан­сыз, жа­сан­ды, кө­шір­ме су­рет­тер­ге қа­рап таң­ға­лып, таң­дай қа­ға­мыз. Бі­рақ сырт­та­ғы көр­кем­ді­гі ға­жап мы­на шы­найы әлем­ге кө­ңіл бөл­мей­міз. Он­да­ғы жұ­пар исі аңқы­ған сан алуан гүл­дер­ді, әр түр­лі же­міс-жи­де­гін шашу ет­кен ағаш­тар­ды, құр­лық пен те­ңіз­ді ме­кен­де­ген сан­сыз қа­сиет­ке ие жан­ды-жан­сыз атау­лы­ны, көз­дің жауын алар жа­сам­паз­дық­қа тұ­нып тұр­ған жал­пы та­би­ғат­ты жа­рат­қан не­гіз­гі Ұлы Су­рет­ші­ні, ше­бер Жа­ра­ту­шы­ны еле­меуге бо­ла ма? Са­на­лы адам үшін на­ғыз мақтау­ға ие сол Жа­ра­ту­шы емес пе? Қа­лай ға­на Оның құ­ды­ре­ті­нің, ше­бер­лі­гі­нің, ұлы­лы­ғы­ның ал­дын­да таң­ға­лып, Оған ма­дақ, мақтау айт­па­стан жай­бара­қат жү­ре аламыз?

Ен­де­ше, адам ба­ла­сы­ның ең бас­ты мін­де­ті – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны та­ну. Оның ұлы­лы­ғын дә­ріп­теп, «Аллау әк­бар», «Алла Тағалам, сен қан­дай ұлы­сың!» деп бас иіп, ма­дақ ай­ту. Иә, Оның шек­сіз құ­ды­ре­ті­нің, ұлы­лы­ғы­ның, ше­бер­лі­гі­нің, ілі­мі­нің ал­дын­да таң­ға­ла бас иіп, мақтау ай­ту – құл­шы­лық­тың на­ғыз өзі.

 

Шүкіршілік

Шү­кір – жа­ра­ты­лыс­тың сы­ры, шү­кір – дү­ниенің мәйегі, шү­кір – адам­дық­тың рә­мі­зі, шү­кір ету – пен­де­нің ең үл­кен мін­де­ті. Шү­кір – жақ­сы­лық иесі­не жақ­сы­лы­ғы үшін қа­рыз­дар еке­нің­ді се­зі­ну, оның ал­дын­да бас иіп, ал­ғыс-рақ­ме­тің­ді біл­ді­ру.

Мі­не, жа­ра­ты­лыс­та шү­кір осын­ша­лық­ты ма­ңыз­ды бо­ла тұ­ра, өкі­ніш­ті­сі, адам ба­ла­сы­ның кө­бі бұл қа­сиет­тен ма­құ­рым. Құ­ран Кә­рім бұл шын­дық­ты: «Құл­да­рым­ның ара­сын­да шү­кір ету­ші­лер өте аз», – деп ес­кер­те­ді.

Иә, адам ба­ла­сы кіш­ке­не ой­ла­нып-тол­ған­са, өзін қор­ша­ған қай нәр­се­нің бол­ма­сын Алла та­ра­пы­нан ар­найы әзір­ле­ніп, адам ба­ла­сы­ның қыз­ме­ті­не ұсы­ныл­ға­нын тү­сі­не­рі сөз­сіз. Тіп­ті, өзі­нің жоқ­тан бар еті­ліп, тір­ші­лік иесі бо­луының өзі ба­ға жет­пес нығ­мет. Бі­рақ, бір қынжылтаты­ны, бұл нығ­мет­тің қа­ді­рін же­те тү­сі­ніп, Жара­ту­шы­сы­на де­ген шү­кі­рі­нен жа­ңыл­май­тын тір­ші­лік иесі өте аз.

Мы­са­лы, дар­ға асы­лай­ын деп тұр­ған же­рі­нен бір адам­ды екін­ші бір адам құт­қа­рып қал­са, өлім аузы­нан қайт­қан адам өмі­рі­не се­беп бол­ған әл­гі адам­ға: «Мен саған бұ­дан бы­лай қа­рыз­дар бо­лып өте­мін, – деп оның ал­дын­да құ­рақ ұша­ды. Іс­те­ген бір ға­на жақ­сы­лы­ғы үшін бас иіп, өмір бойы ізет біл­ді­ре­рі сөз­сіз. Ал ен­ді біз­ді жоқ­тан бар етіп жа­ра­тып, әр ауа жұ­тып, ты­ныс ал­ған сай­ын біз­ді бір өлім­нен құт­қа­рып, бір өмір сый­ла­ған Жа­ра­ту­шы­мыз­ды ұмыт қал­ды­рып, жақ­сы­лы­ғы үшін ал­ғы­сы­мыз­ды біл­дір­меуі­міз дұ­рыс па?

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың адам­ға бер­ген жақ­сы­лық, нығ­мет­те­рі шек­сіз. Құ­ран­да: «Егер Алланың сен­дер­ге бер­ген нығ­мет­те­рін са­на­саң­дар, са­нап тауыса ал­май­сың­дар», – де­лі­не­ді.

Біз, адам ба­ла­сы, денсау­лық­тың, әр­бір он екі мү­ше­міз­дің ба­ға жет­пес нығ­мет еке­нін ой­лап, қа­ді­рін тү­сін­дік пе? Олар­ды біз­ге те­гін бер­ген Раб­бы­мыз­ға рақ­ме­ті­міз бен ал­ғы­сы­мыз­ды біл­ді­ріп, Оған қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді сездік пе? Шын­ды­ғын­да, біз­ге бұл сұ­рақ­қа жауап бе­ру оңай­ға соқ­па­са ке­рек.

 

Бес уақыт парыз намаздары

1.Бам­дат (таң) на­ма­зы;

2.Бе­сін на­ма­зы;

3.Асыр (на­маз­ды­гер;

4.Ақ­шам на­ма­зы;

5.Құп­тан на­ма­зы;

 

На­маз­дың па­рыз бо­лу шар­тта­ры

1.Мұ­сыл­ман бо­лу. На­маз – мұ­сыл­ман бол­ған ер кі­сі мен әйел­ге па­рыз. 

2.Ба­ли­ғат жа­сы­на же­ту. Ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­ға на­маз па­рыз емес. 

3.Ақыл-есі дұ­рыс бо­лу: Ақыл – Ис­ла­ми жауап­кер­лік­тің не­гі­зі. 

 

На­маз­дың сыр­тқы па­рыз­да­ры

 

1.Дәрет-ғұсылы болу;
2.Нә­жі­стерден та­за­ла­ну (Зат­тық та­за­лық):
 На­маз­дан бұ­рын де­не мен киім­ді не­ме­се на­маз оқы­ла­тын жер­де бол­ған лас­тық­тың та­за­ла­нуы қа­жет.
3.Әуре­тін жа­бу: Ер­лер­дің әу­рет жер­ле­рі: кін­ді­гі­нен ті­зе­ле­рі­нің ас­ты­на дейін­гі жер­ле­рі[13]. Әйел үшін әу­рет – жүз, қол, аяқ­тан бас­қа бар­лық де­не[14].   
4.Құ­бы­ла­ға бет бұ­ру: На­маз­ды құ­бы­ла­ға қа­рап оқу шарт. Мұ­сыл­ман­дар­дың құ­бы­ла­сы – Мек­ке­де­гі Қағ­ба[15]
5.Уа­қыт: На­маз – күн­нің ар­найы бел­гі­лі уа­қыт­та­рын­да іс­ке аса­тын па­рыз. Па­рыз на­маз­дар­ға уа­қыт шарт.
6.Ниет: Ниет ету – на­маз­дың шар­тта­ры­ның бі­рі. Ниет – на­маз­ға кі­ру­ді қалау. Адам қан­дай на­маз­ға кір­гі­сі кел­се, сол на­маз­ды жү­рек­пен бі­луі шарт.  

  Іш­кі па­рыз­да­ры

1. Иф­ти­тах (бас­тау, ашу) тәк­бі­рі: Иф­ти­тах тәк­бі­рі – на­маз­ға бас­тар­да алы­на­тын тәк­бір. Яғ­ни, ті­ке тұ­рып, «Аллау әк­бар» сө­зін ай­тып, құ­лақ қа­ғу.  Тәк­бір ниет­тен кейін алы­нып, имам­ның тәк­бі­рі­нен кейін алы­нуы қа­жет-дүр.
2.Қиям (түрегеп тұ­ру): Қиям –тіп-тік түрегеп тұ­ру де­ген ма­ғы­на­ға ке­ле­ді. На­маз­да не­гіз­гі па­рыз­дар­дың бі­рі са­на­лып, әр рә­кат­та Құ­ран­нан бір сү­ре оқы­ла­тын­дай уа­қыт тұ­ру[16].  
3.Қы­ра­ғат: Қы­ра­ғат – оқу де­ген сөз. Бұл жер­де «Құ­ран оқу» ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. На­маз­да оқы­ла­тын аят­тың ең қыс­қа­сы Әбу Ха­ни­фа бойын­ша үш аят не­ме­се осы үш аят­тың кө­ле­мін­дей бір яки екі аят.  
4.Рү­күғ:   На­маз­дың не­гіз­гі ті­рек­те­рі­нен бол­ған рү­күғ қол­дар­ды ті­зе­ге қойып, тө­мен қа­рай иілу. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) жа­са­ған ең жақ­сы рү­күғ – ар­қа мен бас­тың түп-тү­зу иілуі.  
5.Сәж­де:  Сәж­де – на­маз­дың па­ры­зы. Сәж­де­де маң­дай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі ті­зе жер­ге не­ме­се жер­мен жал­ғас­қан бір нәр­се­ге қойыла­ды. Сәж­де әр­бір рә­кат­та – екі рет жа­са­ла­ды. 
6.Ақыр­ғы оты­рыс: На­маз­дың со­ңын­да «тә­шәһ­һүд» ша­ма­сын­дай оты­ру – на­маз­дың ті­рек­те­рі­нің бі­рі, яғ­ни па­рыз. Тә­шәһ­һүд ша­ма­сы де­ген – «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқи­тын­дай уа­қыт.  

  Жұ­ма на­ма­зы

Жұ­ма на­ма­зы – ді­ні­міз­де өте ма­ңыз­ды са­на­ла­тын, жа­ма­ғат­пен орын­да­ла­тын ап­та­лық ғи­ба­дат. Жұ­ма кү­ні­нің ежел­де ев­рей жә­не хрис­тиан­дар үшін ап­та­лық ғи­ба­дат кү­ні бол­ған­ды­ғы, кейін­нен ев­рей­лер бұл күн­нің ор­ны­на сен­бі кү­нін, хрис­тиан­дар жек­сен­бі кү­нін ап­та­лық ғи­ба­дат кү­ні ре­тін­де өз­гер­тіп қа­был­да­ға­ны жә­не Ис­лам ді­ні кел­ген­нен кейін ұмыт­ты­рыл­ған қа­сиет­ті бұл күн­нің мұ­сыл­ман­дар­ға қайта­дан ора­луы жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а..у) бы­лай дейді: «Біз – бұ­рын­ғы кі­тап бе­ріл­ген­дер­ге қа­ра­ған­да, ең соң­ғы­сы­мыз. Қия­мет­те–ең ал­ға өте­міз. Олар Алланың өз­де­рі­не па­рыз ет­кен осы жұ­ма на­ма­зы кү­ні жайын­да қа­ра­ма-қайшы пі­кір­ге түс­ті. Алла оны біз­ге көр­сет­ті. Бас­қа адам­дар бұл ту­ра­лы біз­ге ба­ғы­на­ды. Жұ­ма кү­ні­нің ер­те­ңі – яһу­дилер­ді­кі, одан кейін­гі күн – хрис­тиан­дар­ді­кі»[17].

 Жұ­ма на­ма­зы­ның па­рыз­ды­ғы­ның шар­тта­ры

Жұ­ма на­ма­зы­ның кім­ге па­рыз еке­ні жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Аллаға жә­не ақы­рет кү­ні­не сен­ген­дер­ге – жұ­ма на­ма­зы па­рыз. Бі­рақ жо­лаушы, құл, ба­ла, әйел жә­не нау­қас­тар бұ­дан тыс»[18]. Яғ­ни бұ­лар­дан бас­қа бар­лық мұ­сыл­ман­дар­ға жұ­ма на­ма­зы па­рыз.

  1. Ер кі­сі бо­лу: Жұ­ма на­ма­зы әйел­дер­ге па­рыз емес. Бі­рақ на­маз­ды ме­шіт­те­гі жұ­ма жа­ма­ға­ты­на қа­ты­сып, оқы­ған жағ­дайда қайта­дан бе­сін на­ма­зын оқу қа­жет емес.
  2. Азат бо­лу: Азат­ты­ғы бол­ма­ған тұт­қын мен қа­пас­та жат­қан­дар­ға жұ­ма кү­ні бе­сін на­ма­зын жұ­ма­ның ор­ны­на оқу­ла­ры жет­кі­лік­ті.
  3. Тұр­ғын бо­лу: Жо­лаушы­ға жұ­ма на­ма­зы па­рыз емес. Се­бе­бі, жо­лаушы­да жал­пы жол қиын­шы­лық­та­ры бар. Оған же­ңіл­дік жа­сал­ған.
  4. Нау­қас не­ме­се бел­гі­лі се­беп­тер бол­мау: На­маз­ға бар­са, ауруы­ның ас­қы­нуы­нан қо­рық­қан жан­дар­ға – жұ­ма на­ма­зы па­рыз емес. Сол се­кіл­ді нау­қас­қа қа­раушы, әл­сіз кә­рі, кө­зі көр­мей­тін, мү­ге­дек жә­не ке­зек­те­гі сақ­шы­лар се­кіл­ді се­бе­бі бол­ған­дар­ға бе­сін на­ма­зы же­тіп жа­тыр. Бі­рақ жұ­ма на­ма­зын оқи ал­са, бе­сін на­ма­зын оқу­дың қа­же­ті жоқ.

[1] Тәубе, 9/103.
[2] Бақара, 2/238.
[3] Ниса, 4/103.
[4] Бәййәна, 98/5.
[5] Хаж, 22/78.
[6] Бухари, Иман, 1,2; Муслим, Иман, 19-22.
[7] Бухари, Имам, 34; Шаһадат, Имам, 8-10-15-17-18; Әбу Дәәуд, Салат, 1.
[8] Анкабут, 29/45.
[9] Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 80, 90; Насаи, Салат, 7.
[10] Муслим, Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн Мажә, Таһарат, 79,106.
[11] Тирмизи, Салат; 118.
[12] За­рият сү­ре­сі 56-аят.
[13] А.б.Ханбәл,II, 187.
[14] Әбу Дәәуд, Либас, 31.; Ибн Мажә, Таһарат, 132.
[15] Бақара, 2/144.
[16] Бақара, 2/138.
[17] Бухари, Жұма, 1. 211.
[18] Әбу Дәәуд, I. 644.

Пікірлер Кіру