ОРАЗА КЕЗІНДЕГІ АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ТАЗАЛАНУ КЕЗЕҢДЕРІ

13 наурыз 2024 1849 0
Оқу режимі

Тазалану кезеңі – 1 (1-2 күн)

 Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант төмендейді. Жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшықеттен гликоген шығып, әлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді. Бас ауру, жүрек айну, ауыздан жаман иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі - тазаланудың бірінші кезеңінің белгілері. Осы кезеңде аштық та қатты сезілуі мүмкін.

Тазалану кезеңі – 2 (3 күннен 7 күнге дейін)

Май қышқылы құрамындағы майлар ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босатып, глюкоза айналады. Бет майланып кетеді, себебі ағза ашыған майдан арылып жатады. Бет терісі жаман адамдарда жағдай асқындап, аздап бөртпе шығуы мүмкін. Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады. Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады. Өкпе тұсыңыз ауырсынуы мүмкін. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалану процессі үстінде болады. Тынысыңыздың әлі де жағымсыз иісі бар, тіліңіз де ағарып тұрады. Тоқ ішекте де өзгерістер болып, ішек қабырғаларына жабысқан нәжіс ажыратыла бастайды.

Тазалану кезеңі - 3 (8 күннен 15 күнге дейін)

 Өзіңді сергек сезініп, қуатың тасып жүресің. Алайда, ескі жараларың қозып, біраз ауырсынуы мүмкін. Бұл, ағзаның ораза кезінде өзін-өзі емдеуге көшкенін көрсетеді. Мысалы, қолыңызды он жыл бұрын сындырып алсаңыз да, сынған орында із (рубцовая ткань) қалады. Қолды сындырған кезде ағзаның өзін-өзі емдеу қасиеті өмір сүру салтына тікелей байланысты болатын. Егер сіз салауатты өмір салтын ұстанбаған болсаңыз, онда ағзаның емделу қасиеттері қыл үстінде болатын. Ораза барысында ағза өзін-өзі емдеу қасиетін белсенді етеді. Ағза өз бойынан өлі не жарақаттанған жеріне (ткани) лимфоциттер секреттелген (шырышты) заттарды жеткізіп, ақаулы жасушаларды жоюға кіріседі. Осы шырышты заттар бұрын болған ақау орнын қайта ауыруына әкеп соқтыратын сол жердегі жүйке талшықтарына әсер етеді. Ағза өзін-өзі емдеп болуының көрсеткіші де осы ауырсыну болмақ. Бұлшықеттер қатайып, токсиндердің әсерінен ауырсыну асқындайды. Токсиндер аяқта жиналатын болған соң, аяқтарыңызда ауру сезінесіз. Ауыз қуысында шағын жаралар пайда болуы мүмкін, ол бактериялардың көбеюі салдарынан болады. Күнделікті ауызды тұзды сумен шайып тұрсаңыз, жаралар тез жазылады.

Тазалану кезеңі - 4 (16 күннен 30 күнге дейін)

 Ағза ашығуға әбден үйренген. Қуатыңыз көп, ой-санаңыз тынық. Тазалану кезеңдері қысқарып, тіліңіз де қызғылттанып, тынысыңыз таза болатын күндер кездеседі. Органдарыңыз өзін-өзі емдеуді аяқтайды. Ағза өзін әр түрлі ауру қоздырғыштарынан тазалағаннан соң, органдар екі есе тез жұмыс жасап, ақауы бар жойылған жасушалар орнын толықтырады. 20 күннен соң санаңыз тынық, жүйкеңіз тыныш, қуатыңыз көп, бойыңызда баланс сезіледі. Есте сақтау қабілетіңіз артады. 

 

 «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,


 

 

Пікірлер Кіру