ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТАЛҒАМПАЗ МӘДЕНИЕТІН КӨРСЕТЕТІН 15 СӘТІ
1.Жаңа қала салған кезінде Осман түріктері алдымен мешіт соғатын, сосын оның айналасына шеңбер түрінде үйлер мен басқа да ғимараттар соғумен болған.
2.Егер бір үйдің терезесінің алдында сары түсті гүл тұратын болса, ол бұл үйде науқас кісі бар деген ескерту. “Уа саудагерлер мен басқа да адамдар, қала қонақтары, ауру кісіні мазаламас үшін дауыстарыңызды бәсеңдетіп, шу шығарушы болмаңыздар,”-деген сөз. Егер терезе алдында қызыл түсті гүл тұрса, бұл үйде жас қыз тұрады деген ескерту. Үй маңынан өтіп бара жатқан ер азаматтар бұл үйдің жанынан өтіп бара жатқаныңызда қалай болса солай, дөрекі сөйлеп, үйдегі бойжеткен қызымды ұялтпаңыздар,-дегенді білдірген.
3.“Жарықты жағу” етістігінің теріс мағынасы болғандықтан, ол сөзді айту ұят саналған, сондықтан ол сөздің орнына “Жарықты оят” деп айтатын болған.
4.Сондай-ақ, ұйықтар алдында “Шамды сөндір” деген сөзді де айтпаған, себебі “сөндіру” сөзінің мағынасы да теріс ассоциясы тудыруы мүмкін болғандықтан, оның орнына “шамды тынышталдыр” деп айтатын болған.
5.Есік тұтқаларына “Йа Фаттах”,-деп жазып қоятын, мағынасы -”О Алла, есіктерді ашушы”. Бұл Алла Тағала барлық есіктер мен қақпаларды ашып, қиындық атаулыны жоюшы екендігін ескерту еді. Жұмысынан үйіне шаршап келген адам бұл жазуды оқыған кезінде мына жазуды оқып, көңілі бірден тынышталатын.
6.Үйдің қабырғаларында “Йа Мәаликуль Мүлік”, яғни “Алла барлық нәрсенің Иесі” деген жазулар болатын. Бұл үйдің иесі Жаратушы Тәңіріне “Мен Сенің құлыңмын, барлық нәрсенің Иесі Өзіңсің, ештеңе менікі емес,”-деген ишарасы еді.
(Абай атамыз бір сыр сөзінде:
“Адам ғапыл дүниені деп менікі,
Менікі деп жүргенінің бәрі Оныкі.”-дегені секілді.
7.Үйіне келген қонағының аяқ киімін үй есі босағаға жақын, тұмсығын есікке қаратып қойып қоятын, оның мағынасы: “Қонақ боп келгеніңізге ризамыз, тағы да келіп тұрсаңыз қуанышпен күтіп аламыз!”-дегенді білдіреді.
8.Үйіне келген қонағына шәймен бірге су да беретін болған. Егер келген қонақ аш болатын болса, ол алдымен су ішетін болған, ал егер тоқ болса тек кофе ішеді екен. Қонақ су ішкен кезде ымырасы түсінікті болып үй егесі ас дайындауға кірісетін болған.
9.Есік не қақпа сыртындағы темір сақина қоңырау секілді болған. Османи империясы кезінде есік алдында қос сақина тұрады екен, біріншісі үлкен, арыстанның басы бейнесінде, оны соққан кезде жуан дауыс шығады, сол шыққан дауысына қарай оны қарсы алуға үй иесі шығады, ал екіншісі шағын ғана, оны әдетте нәзік, дауысы да әлсіз, жіңішке, ол шыққан дауысынан ақ белгілі болған соң, күтіп алуға, әйел немесе қызы шығатын болған. Шариғат заңдары бойынша еркектер бөтен әйелдермен мүмкіндігі болмаса осы әдетпен араласпаған.
10.Алааддин Шелеби басқа адамдарға су ұсынуды былай сипаттайды: “Су ұсынушы суды алыста тұрып, немесе биікте тұрып ұсынбаған. Суды төгіп алмау үшін ыдысты екі қолымен ұстап тұруы керек. Әдетте су құйылған ыдысты оң қолмен алып, алдымен “Бісмілләсін” айтуы керек, сосын суды бірден төңкере салмай, асықпай, сыздықтатып ішкені жөн. Ауызды бірден суға толтырып барып жұту жүрекке зиян. Су ұсынған кісі, сц ішкен адам ыдысты қайтарып берген соң оған денсаулық тілеп, жақсылық тілеуі керек, сонда су ішкен кісі дем алып ап, оған жауап қатады.
11.Базарға бара жатқанда, немесе одан қайтып келе жатқан жастар, жасы үлкен кісілерге құрмет көрсетіп, олардан озбаған. Тек, егер сол қария кісілер оған қарап: “Балам озып кете бер, мен асықпай жәй жүремін,”-деп рұқсат бермесе.
12.Ешкім, тіпті кішкентай балаларға шейін түрегеп тұрып, немесе жүріп бара жатып, тамақ ішпеген. Олар ас ішер алдында міндетті түрде қолдарын жуып, дастархан басына бірге жайғасқан, сосын ешуақытта үлкен кісілерден бұрын дастарханға қолын созушы болмаған. Атасы немесе әжесі тамақ ішер алдында дауыстап Бісмілләсін айтқан, сонысымен тамақ ішетін адамдардың бәріне алдымен Құдайды есіне алуы керек екенін ескерткен. Тамақ ішіп болған соң “Фатиха” сүресін оқитын болған.
13.Егер аулаларында бір кісі дүниеден өткен болса, олар міндетті түрде бір апта, не он күндей ол үйге тамақ апарып беретін болған. Қайғылы кісілердің көзінше ешкім күлмейтін болған. Көршілері осы уақытқа той белгілеп қойған болса, одан бас тартатын. Осы әрекеттерімен олар көршісінің қайғысына ортақтасатынын білдірген.
14.Рамазан айында дүкен атаулының бәрі күндіз жабылатын.
15.Арнай қамқорлық қорлары ұйымдастырылатын,олар тек адам баласына ғана емес, жануарларға да көмектесетін. Тіпті ұшатын құстардың өзіне көмек көрсететін қор болған, олар ауырып, немес зақымданып, ұша алмай қалған құстарды емдеп, жазатын болған. Ол қор қыста құстарға жем шашып тұрумен айналысқан.
Nomads of the Great Steppe
аударған Жүрсін Кәрім