Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шаш күтімі

09 қаңтар 2019 11488 0
Оқу режимі

Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің үмметтеріне: «Кімнің шашы болса, оған күтім жасасын», – деген. Күтім деп жуып, тарап, түрлі майлар жағуды меңзеген. Ал, өзі шашына зәйтүн майын жағып, оны жұмсақ жұқа матамен орап қойған. Зәйтүн майы шашты қажетті дәрумендер мен микроағзалармен қоректендіріп, қайызғақтың пайда болуына жол бермейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), сондай-ақ, балқарағайдың (кедр) жапырағын шашын жуғанда және жуынғанда қолданған.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, балқарағайдың жапырағынан, тікенінен жасалған ұнтақ инфекциялық аурулар мен микробтардан қорғап, қантамырларды нығайтады. Ағзадағы түрлі микробтарды жояды.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) шаш күтіміне қолданған тағы бір құралы – жалбызтікен (цветок Алтея) болған. Бұл өсімдіктің құрамындағы майлар шашты нығайтып, жұмсартады.

Аққаңбақ та (гипсофила, качим) – Алла елшісінің (с.ғ.с.) шаш күтіміне қолданған өсімдігі. Ардақты Айша (р.а.) анамыздың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қажылықта ихрамды киерде шашын аққаңбақ қосылған суға жуып, зәйтүн майымен сүрткен.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру