ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН БӨЛІМДЕРІ

13 мамыр 2024 1979 0
Оқу режимі

Қажылықтың парыз болуының шарттары: Мұсылман болу. Қажылықтың парыз екенін білу. Балиғатқа толу. Ақыл-есі дұрыс болу. Азат болу. Қажылыққа барып келетін көлік үшін, жол шығыны үшін ақшасы болу. Уақыт (қажылық айлары). Қажылыққа барып келгенше асырауға міндетті адамдарының күнкөрісін қамтамасыз ету.

Қажылық парыз болу үшін зекеттегіндей белгілі нисап мөлшері жоқ.

Қажылықтың өтелуінің парыз болу шарты:

1. Дені сау болу, 

2. Жол қауіпсіз болу, 

3. Қажылыққа баруға (тұтқында болу сияқты) кедергінің болмауы, 

4. Әйелдердің жанында күйеуі немесе сенімді махрамның болуы, 

5. Әйелдер иддәт күтпеген болуы. 

Қажылық үкімі жағынан үшке бөлінеді:

Парыз қажылық: Қажылық шартына сай адамдардың өмірінде бір рет жасауы парыз болған қажылық.

Уәжіп қажылық: Бір адамның нәзір етіп (атап) мойнына уәжіп қылған қажылық. Бастағаннан кейін бұзылған нәпіл қажылықтың қазасы да уәжіп болады. 

Нәпіл қажылық: Парыз және уәжіп қажылықтан басқа қажылық нәпіл болады. Әлі қажылық мойнына парыз болмаған бала мен құлдың қажылығы да нәпіл болады. 

Парыз, уәжіп немесе нәпіл қажылық өтелуі жағынан үш түрлі болады:

Ифрад қажылығы: Қажылық маусымында умрасыз жасалған қажылық.

Таматту қажылығы: Бір жылдың қажылық айларында ұмра мен қажылықты бөлек-бөлек ихраммен (ниетпен) өтеу. Таматтуғ қажылығына ниет еткен кісі қажылықтың ұмрасын жасап, ихрамнан шыққаннан кейін қайта қажылық үшін ихрамға кірмес бұрын қалағанынша бір меккелік сияқты ұмра жасай алады. Таматтуғ қажылығы ифрат қажылығынан абзал. 

Қиран қажылығы: Бір ихраммен (ниетпен) ұмра және қажылықты бірге жасау. Қиран қажылығы ифрат және таматтуғ қажылықтарынан абзал. Қиран және таматтуғ қажылығы афақилар үшін (Миқаттың сыртынан Меккеге келгендер үшін).

 

Пікірлер Кіру