ҚОНАҚТЫҢ ӘДЕБІ ҚАНДАЙ

21 ақпан 2024 2239 0
Оқу режимі

Қонаққа барғанда үй иесімен орын жайында тартыспаңыз, қай жерді ұсынса, сонда отырыңыз. Тіпті үй қожайыны көрсеткен жерге отыруға тиіссіз. Өйткені өзіңіз қалаған орынға отырсаңыз, бәлкім, көзіңіз үйдегі тыйым салынған жерге түсіп қалуы мүмкін. Не бұл отырысыңызбен үй иесін ыңғайсыз жағдайға қалдырарсыз. Үй иесі сізге не айтса соны орындап, сізге қандай да құрмет көрсетсе, оны қабыл алғаныңыз жөн.

عَنْ عَدِي بْنِ حَاتِمٍ الطَّائِي رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: "أَنَّهُ قَدِمَ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَأَكْرَمَهُ بِالْجُلُوسِ عَلَى وِسَادَةٍ، وَ جَلَسَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَآلِهِ وَسَلَّمَ عَلَى الْأَرْضِ. قَالَ عَدِي: ثُمَّ مَضَى بِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَآلِهِ وَسَلَّمَ، حَتَّى إِذَا دَخَلَ بَيْتَهُ، تَنَاوَلَ وِسَادَةً مِنْ أُدُمٍ مَحْشُوَّةٌ لِيفًا، فَقَذَفَهَا إِلَيَّ فَقَاَل: اِجْلِسْ عَلَى هَذِهِ. قُلْتُ: بَلْ أَنْتَ فَاجْلِسْ عَلَيْهَا. قَالَ: بَلْ أَنْتَ. فَجَلَسْتُ عَلَيْهَا، وَ جَلَسَ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وِآلِهِ وَسَلَّمَ بِالْأَرْضِ".

Әйгілі сахаба Ади ибн Хатим әт-Таиден (р.а.): «Бірде Ади Пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) барады. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Адиді көрпешеге отырғызып, құрмет көрсетеді. Ал өзі жерге отырды. Ади (р.а.) оқиғаны былай әңгімелейді: «Сосын Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мені үйіне алып барып, теріден[1] жасалған, іші құрма ағашының жапырағымен толтырылған көрпешені маған ұсынып: «Мынаған отыра ғой», – деді. Мен: «Жоға, бұған сіз отырыңыз», – дедім. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жоқ, сен отыр», – деді. Ақыры көрпеге мен отырдым. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жерге отырды» (Ибн Исхақ, Ибн Һишам)[2].

Бірде Харижа ибн Зәйд Ибн Сиринге зиярат жасап, үйіне кіріп келеді. Ол Ибн Сириннің жастыққа сүйеніп, жерде отырғанын көреді. Харижа ибн Зәйд оның қасына отырмақшы болып, Ибн Сиринге: «Сіз өзіңізге қалаған жақсылықты мен де қалаймын», – деді. Сонда Ибн Сирин: «Мен үйімде өзіме қалаған орынды сізге құп көрмеймін. Сол үшін мен айтқан орынға отырыңыз», – дейді.

Сіз де қонаққа барғанда үй иесі ұсынған орынға отырыңыз. Үй қожайынының рұқсатынсыз ешбір жерге отырмаңыз.

قَالَ سَيِّدُنَا رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ آلِهِ وَ سَلَّمَ: "لاَ يَؤُمَّنَّ الرَّجُلُ الرَّجُلَ فِي سُلْطَانِهِ، وَلاَ يَقْعُدْ عَلَى تَكْرِمِتِهِ إِلَّا بِإِذْنِهِ". (رواه مسلم).

Мырзамыз Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Адам басқа біреудің иелігінде қожалық етпесін. Әрі үйіндегі құрметті орынға тек қожайынның рұқсатымен отырсын», – деген. (Муслим)[3]. Яғни басқа адамның үйінде не оның меншігіндегі жерде иелік етпесін деген мағынада. «Құрметті орын» деп үй иесінің арнайы отыратын жатын, төсек немесе сол сияқты т.б. орын мағынасында. 

 Бауырыңыздың не досыңыздың үйіне кіріп, ол сізге отыратын не ұйықтайтын жерді ұсынған кезде, жан-жаққа назар салмаңыз. Әрі  тінтуге, аңдуға келген адам сияқты үй иесіне сұқтанып қарай бермеңіз. Отырғанда не ұйықтар орныңызда көзіңізді тыйыңыз, тек қажет нәрсеге қараумен ғана шектеліңіз. Қойма, сандық, сөмке, әмиян, бүркелген қобдиша сияқты жабық заттарды ашып қарамаңыз. Себебі бұл ислам әдебіне қайшы. Бұл ісіңізбен бауырыңыздың немесе туысыңыздың сенімін ақтамаған боласыз. Сол үшін қонаққа тиіс әдептен таймай, арадағы көркем мәмілені бұзбай, арақатынасты сақтаңыз. Сонда ғана үй иесінің сізге деген құрметі, сүйіспеншілігі арта түспек. Алла Тағала сізді қамқорлығына бөлесін.  

Қонаққа барғанда екі жаққа да сай келетін уақытты таңдау керек. Сондай-ақ қонақ күтіп жатқан кісінің үйінде белгілі бір мөлшерде ғана отыру қажет. Үй иесіне ауырлық салып, шаршататындай ұзақ уақыт отырмаңыз. Қонаққа немесе жағдай сұрап барғанда қолайсыз әрі ыңғайсыз уақытта бармаңыз. Мәселен, тамақтану, ұйықтау, дем алатын, басқа да осыған ұқсас уақыттарда бармауға тырысыңыз.

Имам ән-Науауи «Әл-Әзкар» кітабында: «Мұсылман кісі үшін ізгі кісілердің, ағайынның, көршілердің, дос-жаранның, туыстардың жағдайын сұрап бару, оларға құрмет көрсету, олармен араласу мұстахаб саналады. Мұсылман кісі өзге адамдардың хал-жағдайын, тұлғалық айырмашылығын, уақыттары әртүлі болатындығын ескергені дұрыс. Үй иелері қаламаған, күтпеген уақытта зиярат жасамаңыз. Олар қуана қарсы алатын уақытта барған жөн. Бұл жайында келген хадистер өте көп әрі кең таралған», – деп айтқан.

Үй иесімен сөйлессеңіз, орнымен, қысқа-нұсқа сөйлеңіз. Егер жиылған қонақ арасында жасыңыз кіші болса, сөзді бірінші бастамаңыз. Егер айтқыңыз келген сөзіңіз өзекті тақырып болып, барлығының көңілінен шықса, сөз бастағаныңызда тұрған еш оғаштық жоқ. Артық сөз сөйлемеңіз және отыру, сөйлеу, мәміле әдебін ұмытпаңыз.

 


[1] Хадистің арабша мәтінінде аталмыш сөз «أُدُم» екі дамма таңбасымен келген. «أَدَم» деп екі фатхамен де айтса болады, «тері» дегенді білдіреді.

[2] Мұхаммед ибн Исхақ, «Әс-Сира ән-набауия», V том, 64-бет. Ибн Һишам, «Әс-Сира ән-набауия», IV том, 248-бет. Хафиз Ибн Касир, «Әл-Бидая уа ән-ниһая».

[3] «Сахих Муслим», І том, 465-бет (290), (673). «Сунан Әбу Дәуд», І том, 390-бет (582). «Сунан ән-Насаи», ІІ том, 76-бет (780). «Сунан Ибн Мәжаһ», І том, 313-бет (980). 

[1] «Сахих Муслим», (2097). «Сахих әл-Бұхари», (5856).

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

 

 

 

 

Пікірлер Кіру