Құлаққа мәсіх тарту қандай ауруларға ем?

04 қыркүйек 2020 11080 0
Оқу режимі

Біле білсеңіз, құлақ  тек есту мүшесі ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығының бетпердесі көрінеді. Яғни, құлақ арқылы қай ағзаңыз ауыратынын еш қиналмай білуге болады екен. Аталмыш дене мүшесінде орналасқан нүктелерді уқалаған кезде барлық ішкі ағзалар қалыпқа келеді. Мысалғы, құлаққа жасалған массаждан гипертония кезінде дене қысымы бірден азаяды. Сондай-ақ, тіс қақсаған кезде, ангина ауырғанын басуға септігін тигізеді.

Құлақ қабыршығының формасы ана құрсағындағы адам эмбрионына өте ұқсас. Сондықтан да құлақ нүктелерінің әрқайсысы бір-бір ағзаға жауапты.

Мысалға, құлақтың сырғалығы бас пен миға әсер етіп, көкірек жасушасы мен ішек қуысын емдейді. Ағзадағы биологиялық белсенді нүктелерді дөп басу денеге күш-қуат беріп, кейбір ауруларды емдейді. Ал, құлақта  мұндай биологиялық белсенді 110 нүкте бар. Мұнша көп керекті нүктелерді басқа ешбір ағзадан таппайсыз.

Ал, осы орайда күнделікті алатын дәретті ойлап қараңыз. Дәреттің тәртіптерінің бірі – ол құлаққа мәсіx тарту. Яғни, мұсылмандар күніне 5 рет не одан да көп мәрте құлақ тұсын сипап өтеді. Яғни, медицина көрсеткендей, құлаққа мәсіx тарту руxани тазалық пен ағзаға да айтарлықтай пайдасы бар болып шықты. Ал құлақтың қай тұсы қандай ағзаға тиесілі екенін суреттен көре аласыздар.  

Картинки по запросу прыщ в ушной раковине

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру