ҚҰРБАН ҚАЛАЙ ШАЛЫНАДЫ?

12 маусым 2024 1593 0
Оқу режимі

Құрбан шалуға: «Уа, Раббым! Мына денем Саған қателік пен күнәға қылғаны соншалық кешіріле алуын үшін мына денемді саған құрбан етуім керек. Алайда Сен адам құрбан етуді харам қылғандықтан денеме өтем ретінде мына хайуанды шалып жатырмын. Қабыл ете гөр!» деп ниет етіледі. 

Бисмилләмен; Инни уәжжәһту уәжһия лилләзи фәтарас-сәмәуәти уәл арда ханифән уә мә әнә минәл-мушрикин» және «Аллаһуммә һәзә минкә уә ләкә. Аллаһумма иннә салати уә нусуки уә махяая уә мәмәти лилләһи Раббил-ғаләмин лә шәрикә ләһ уә бизәликә умирту уә әнә әууәлул муслимин» дұғаларын оқығаннан кейін; «Аллаһу әкбар, Аллаһә әкбар, лә иләһә иллаллаһу уәллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһил хамд. Бисмилләһи Аллаһу әкбар» деп дереу шалынады. 

Құрбанның:

1. Тыныс жолы,

2. Өңеші

3-4. Екі күре тамыры кесіледі. 

Бұл төртеуін кесу – сүннет. Бұлардың үшеуін кессе халал болады. 

Жаны шыққанға дейін еркін дем ала алу үшін тыныс жолын қыспау керек әрі ішке қан кетпеуіне мән беріледі. 

Түйе мойнынан, қой, ешкі және сияр жағы мен кеудесі арасынан (тамағынан) кесілуі – сүннет. 

Құрбанды құбылаға қаратып жатқызып, (алдыңғы аятқары мен артқы оң аяғын) байлап, сою – сүннет.

Сиырдың төрт аяғы байланады. 

Түйе тұрып тұрғанда сойылады. 

Егер жануар қашса немесе адамдарға шабуылдаса не құдыққа түсіп мойнынан сою мүмкін болмаса сою ниетімен «Бисмилләһи Аллаһу әкбар» деп бір пышақпен не кесетін құралмен (қай жерінен болса да) жаралап өлтірілсе халал болады.

 

 

 

Пікірлер Кіру