САЛАУАТ АЙТУДЫҢ ПАЙДАСЫ

15 наурыз 2024 3701 0
Оқу режимі

Пайғамбарымызға (с.а.у.) күн сайын көп салауат айту оның шапағатына және Оған жұмақта көрші болу нығметіне жеткізеді. Хадис шәріпте:

 «Қиямет күні маған ең жақын адам – маған ең көп салауат айтқандар» және «Қиямет күні менің хауызымның басына бір топ адам келеді. Мен оларды маған көп сауап атқандары бойынша танимын»- деп айтылған.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) мүбәрак жүзіне қуаныш үйіріліп, сахабаларының алдына шығып былай дейді:

«Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп, (Раббымның атынан) былай деді: «Уа, Мұхаммед! Үмметіңнен кім саған салауат айтса, мен оған он есе рақым етемін. Кім саған бір рет сәлем берсе, мен оған он рет сәлем беремін».

Салауат айту жайлы басқа да хадистер:

«Кімде-кім маған салауат айтса, салауат айтқан сайын періштелер ол үшін истиғфар айтып тұрады. Ендеше, қалаған аз айтсын, қалаған адам көбірек айтсын».

«Бір адамның атым аталғанда маған салауат айтпауы, оның сараң болуына жеткілікті».

«Үмметімнен кім маған бір салауат айтса, оған он сауап жазылады және он күнәсі кешіріледі».

«Кімде-кім маған салауат айтса, оның Сырат көпірінде нұры болады. Сыраттағы нұр иелері «Нар» (тозақ) иелерінен болмайды».

«Кімде-кім маған салауат айтуды тастаса, оның жәннатқа барар жолдан адасқаны».

«Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп: «Уа, Мұхаммед! Жетпіс мың періште үмметіңнен саған салауат айтқан әрбір адам үшін міндетті түрде кешірім сұрайды. Періштелер кешірім сұраған адам жәннаттық болады».

«Әсіресе, жұма күндері маған салауаттарыңды арттырыңдар. Кімде-кім маған жұма күні жүз салауат айтса, ол қиямет күні бір нұрмен келеді. Егер ол нұр барлық жаратылысқа үлестірілсе, барлығына жетер еді. Мұхаммедке (с.а.у.) салауат айта бастаған адамға аспан есіктері мен перделері Аршқа дейін ашыла бастайды. Аспандағы барлық періштелер салауат айтқан адамға арнап, Алланың қалағанынша истиғфар айтады».

 

Пікірлер Кіру