Сапарбай Серік Ерментайұлы

17 желтоқсан 2018 4746 0
Оқу режимі

1996 жылы 12-ақпан күні қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда «Сарыағаш медресе» колледжінің 1-курс студенті.

Адамзаттың абзалы

Екі бас нәпіл намазбен,
Алладан жардем сұраймын.
Қалам алып қолыма,
Алланың атымен бастаймын.

Надандық, зұлымдық басқан заманда,
Туған қызын тірідей көмген адам ба?
Қараңғыдан жарыққа қарай жол бастар,
Бір Нәби келді, барша ғаламға.

Нәби келумен үміт сәулесі ашылды,
Жүректерде қорқыныш мұң басылды.
Зарыға күткен ең ақырғы Пайғамбар,
Хазіреті Мұхаммед, ол Алланың Расулі.

Хазіреті Мұхаммед саллаллаһу алейһи уассалам,
Алты жаста жетімдікпен жас қалған,
ӘбдуМүтәліп атасына жәрдем боп,
Атасының сөзінен еш аспаған.

Адамзаттың абзалы дара адам,
Аманатқа еш қиянат жасамаған.
Жүрегі зәм-зәм сумен тазырып,
Күнә атаулыдан пәк болған жалғыз адам.

Жалған пұттар түсіріп оның еңсесін,
Тур тауына жиі-жиі келетін.
Оңашада құлшылық қылып Хақ Тәңірге,
Жаратушы Жалғыз Аллаға ғана сенетін.

Тұр тауында құлшылығы жалғасты,
Кенеттен көк-жиектен нұр шашты.
Уахи түсіп Жаратушы Жалғыз Алладан,
Жәбірейіл құшағына қатты-қатты тым басты.

Жүктелді Пайғамбарлық міндеті,
Көптен күткен Нәби еді жер беті.
Расулулла саллалаһу алейһи уасаллам,
Мұсылмандар Алла Елшісінің үмбеті.

Жиырма үш жыл кәлима таухид үйретті,
Дұшпандық қылды кәпірлер жаман ниетті.
Кешірім тілеп Алладан жәрдем сұраумен,
Адамзат үшін баршамызға дұға етті.

Мұсылмандар оянайық ертерек,
Танып біл Пайғамбарды ертерек.
Пайдасы жоқ надандарға қызықпай,
Салауат айт Пайғамбарға көбірек.

Бұл өлең  шын жүректің жазғаны,
Жазбасқа басқа амалым қалмады.
Мұсылмандар Пайғамбарға еріңдер,
Себебі ол Адамзаттың абзалы.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру