СӘРЕСІНЕ ТҰРА АЛМАЙ ҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ БОЛАДЫ

13 наурыз 2024 740 0
Оқу режимі

Ораза екенін білмей, аузына тамақ салып қоған адам не істеуі керек?

Сәресі деп ауыз бекітетін адам таң атпай тұрып, жақық болғанша тамақтанып алуын атайды. Сәресін дайындап берудің өзі үлкен сауап. Ал сәресіне тұрудың маңызы зор екенін білесіз бе?

Оразаның әр күні сәресі ішуден басталады. Сәресі деп Рамазан айында ораза ұстау ниетімен таң атпастан бұрын тамақтануды айтады. 

Сәресіге ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе ішіп-жемесе, ораза ұстаған болып санала ма?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тамамдасын. Ал ештеңке жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)», – де жар салуын бұйырды. Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады. Бастысы, таңертен еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін ниет етіп үлгеруі тиіс.

Сәресі уақыты өтіп кеткенде білместікпен ішіп-жеп қойса не болады?

Бұндай жағдайда «оразам бұзылды» деп ойлап, аузын ашып жіберуіне болмайды. Оразасын әрі қарай жалғастырады. Кейін сол күнгі оразасының қазасын өтейді.

 

Пікірлер Кіру