Серіков Әл-Фараби Теміржанұлы

17 желтоқсан 2018 5382 0
Оқу режимі

1997 жылдың 5-сәуірінде Қостанай облысы, Торғай селосы, Милісай ауылында дүниеге келген.  Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Журналистика және саясаттану факультетінің 4-курс студенті.

Пайғамбарлар сұлтаны

Қалай өмір сүруді,
Қалай тұрып жүруді.
Бауырыңа жымиып,
Мейіріммен күлуді,
Бізге үйреткен пайғамбар.

Аллаға бас июді,
Ата-ананы сүюді,
Туыстардың барлығын,
Маңайыңа жиюды,
Бізге үйреткен пайғамбар.

Қалай дәрет алуды,
Қалай құрбан шалуды,
Жұма күні мешітке,
Ниеттеніп баруды,
Бізге үйреткен пайғамбар.

Ақиқатты растауды,
Күнәға аяқ баспауды,
Өзгеруді алдымен,
Өзімізден бастауды,
Бізге үйреткен пайғамбар.

Жұмсақ болған жарымен,
Жұмсақ болған бәрімен.
Парызы мен амалын,
Орындаған жанымен,
Ардақты елші пайғамбар.

Құлшылық қып күнбе-күн,
Орындаған міндетін,
Осы тұрған үмбетін,
Жақсы көрген пайғамбар.

Сөйлесе тек жағымды
сөз құраған пайғамбар,
Түнде тұрып намазда
көп жылаған пайғамбар.

Ибрахим мен Мұсадай
ізгі болған пайғамбар,
Мына бүкіл әлемге
үлгі болған пайғамбар.

Әділдіктен ешқашан
тайынбаған пайғамбар,
Үмбетім деп біздерді
уайымдаған пайғамбар,
Ахиретке амалды
дайындаған пайғамбар,
Бар әлемнің Раббысын,
мойындаған пайғамбар.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру