ШӘУУӘЛ АЙЫ
Бұл ай қажылық айларының алғашқысы. Айт күндері көбірек салауат шәріп оқу керек, сондай-ақ 6 күн нәпіл ораза ұсталады. Бұл ораза шәууәл айының 12-нен бастап 17-мен бірге ұсталса, «әййам биз» деп аталатын күндерді (13,14, және 15) оразалы өткізсе, үлкен сауабы бар. Пайғамбарымыз (с.а.у.) шәууәл айында 6 күн ораза ұстағандар жыл бойы ораза ұстағандай болатынын сүйіншілеген.
Шәууәл айының кіруі, көрінуі және басталуы
Хижри жылы 1445 жылғы Шәууәл айы 9 сәуір дүйсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 00.22-де.
Көрінуі сейсенбі, 9 сәуір, Астана уақыты бойынша сағат 13.58-де. Жарты ай алғаш рет бүкіл Азия континентінен көрінді.
Шәууәл айы Индонезия, Малайзия және Филиппиннен бастап Шығыс Африка мен Еуропаның шағын бөлігіне дейін көрінеді.
Сәрсенбі, 10 сәуір – Шәууәл айының 1-ші күні.