ШЫНАЙЫ ЫҚЛАСПЕН ЖАСАЛҒАН ДҰҒА (Ғибрат)

27 қараша 2025 374 0
Оқу режимі

Кеме апатқа ұшырап, суға батып кетеді де аман қалған бір адам иен шағын аралға шығып қалады.

Ол Құдайға жалбарынып біреулердің келіп құтқарып алуын тілеседе келіп кеткен ешкім болмады...

Ақыры жақын арада біреулерді арал маңына келуінен күдерін үзген ол желден, жаңбырдан, зиянкестерден қорғану үшін ағаш бұтақтары мен жапырақтарынан баспана жасап, апатқа ұшыраған кемеден жағалауға шығып қалаған заттарды жинап баспанасы жинап күнелте бастайды.

Бір күні ол тұщы су әкелу орман арасына барып кешке таман қайтып келсе баспана лашығы қара түтінге оранып жанып жатқанын көріп, басына түскен бұл қолайсыз жағдайға бола ол қатты қамығып ашуланады.

Себебі енді мынау қаңыраған иесіз бос аралда оның паналайтын баспана лашығы да, керектенетін заттары да қалмаған ғой.

Түнді ағаш басында өткізіп «Құдайым-ау, мен саған күн сайын құтқарушылар келуін тілеп әр түн сайын жалынып дұға жасаушы едім, сен мен ештемесіз қағыртып тастадың»- деп іштей нарызылық танытып жылап жатып ұйқыға кетеді.

Келесі күні таңертең ол аралға жақындап келе жатқан кеменің дауысынан оянды!

Ал алыстағы кеме болса түнде аспанға шығып жанып жатқан қызыл жалынды көріп жақындап, таңға жақын қою түтін арқылы оны тауып келген екен, егер лашығы өртенбегенде алыстағы кеме де ол кішкентай иесіз аралға келмес еді...

Түйін: Шын ниет шынайы ықласпен жасалған дұға қайтарылмас, әрі қиыншылық өте қайырлы бір іске себеп болуы мүмкін.

 

Пікірлер Кіру