Тамақты ортасынан бастама!

19 сәуір 2019 9261 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыздың сахабаларының бірі Абдулла ибн Буср (р.а.) әңгімелейді.

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Ғарра атты төрт жағынан төрт адам ұстап, көтеретін үлкен тегенесі бар-тын. Бір күні күн найза бойы көтеріліп, дұха намазын оқыған соң, әлгі тегенемен ішіне нан мен ет бұқтырылған шалма көже әкелінді. Адамдар біртіндеп тегененің айналасына жинала бастады.

Ас ішуге жиылған жұрттың қарасы көбейіп кеткен соң Алла елшісі (с.ғ.с.) тізерлей отырды. Мұны көрген бір бәдәуи: «Мына отырысыңыз не?» – деді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Шынында, Алла Тағала мені қасарысқан озбыр етіп емес, қолы ашық қарапайым құл етіп жаратты», – деп жауап берді.

Содан кейін сахабаларына: «Шетінен жеңдер. Ортасынан бастамаңдар, сонда астарың берекелі болады», – деп айтты. 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру