Заң дінге қарсы емес

06 маусым 2018 10314 0
Оқу режимі

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін қауіп төндіріп отырған басты факторлардың бірі діни экстремизм болып табылады.  Осы орайда Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру саяси күнтізбенің күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр.  

2016 жылы Қазақстанда болған терактілер мемлекеттің күштік экстремизм мен терроризмге қарсы тәжірибелік шараларын жүйелі және кешенді түрде күшейту бойынша жаңа кезеңді бастауына итермеледі. «Экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылды. Ол қоғам мен сарапшылардың талқысына шығарылды және 24 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді қарастырды.

Негізгі үш нәрсеге баса көңіл бөлінді: қару-жарақ айналымын бақылауды күшейту; терроризммен байланысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату; ішкі көші-қон мәселелері.

Көріп отырғанымыздай Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алғышарттарының алдын алатын мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру күрделі тапсырма.

Осы орайда біз бұл саладан не күтеміз және осы саладағы министрлік ұсынып отырған заң жобасының өзгертулері мен толықтырулары қандай мәселелерді шешуге бағытталған?

Әрине, ең алдымен Қазақстан билігінің іс-қимылы әлемдегі күштік экстремизмді үдетумен және осы жағымсыз құбылыстан қорғанумен байланысты. Әсіресе Таяу Шығыс елдеріндегі жанжалдар, атап айтқанда Сириядағы соғыс үрей тудырады.

Бұл арада дін саласының нәзік екенін түсінуіміз керек және оған қатысты шалт қимылдың бәрі жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.

Исламның опплзициялық құрылым емес, қазақтардың ұлттық бірегейлігін құрайтын, қазақ халқының дүниетанымы мен мәдениетінің міндетті рухани құрауышы екенін түсіну қажет. Мысал үшін Малайзияда «Ислам Хадхари» концепциясын пайдаланып мұсылмандықты өздеріне ыңғайлады. Яғни Малайзия билігі халықтың назарын интеллектуалдық, өркениет аспектілері мен ислам негіздеріне аударып тәрбиелеуде. Бүгінде Түркияда да ислам біріктіруші және шоғырландыруды құрал ретінде пайдаланылуда.

Діни заңнамаға енгізу жоспарланып отырған түзетулерде діни аспектіден бас тартып, бұл өзгертулерге діни сипат бермеу қажет. Себебі бұл қоғамдағы жанжал қаупін күшейтуі мүмкін. Біз өте абай болуымыз керек. Мысал үшін  деструктивті діни ағым және діни радикализм сияқты негізгі түсініктерді екіұшты және бұрыс түсіндіруден сақ болу қажет. Себебі олардың дұрыс түсіндірілмеуі тұлғалық және қоғамдық сипаттағы салдарларға әкеліп соғуы ықтимал. Соңында бұл азаматтардың конституциялық құқық қабілетін дискредитациялануына, азаматтық жауапкершілік сезімінің атрофиясына және мемлекетке деген немқұрайдылыққа әкелуі, сондай-ақ қоғамдағы жанжал қаупін күшейтуі мүмкін.

Діни жағдай мен діни саладағы мәселелерді жазатын журналистер білікті болуы және баға бергенде сақ болулары қажет. Себебі олардың қателігі, мысал үшін тыйым салу туралы жаңалықтарда хиджабты ниқабпен шатастыруы діни саладағы жағдайды ушықтыруы ықтимал. Мемлекет хиджабқа тыйым салынбайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын. Радикалдар мен «ұйқыдағы» ұяшықтар үшін бұл жалған ақпарат мемлекетке қарсы белсенді іс-әрекеттерде құрал әрі мотивация болуы мүмкін.

Мұндай тыйым біздің еліміз зайырлы демократиялық мемлекет болғандықтар мүмкін емес. Бірақ адамдарды тану үшін қоғамдық орындарда ниқаб, паранжа мен басқа діни киімді киюге тыйым салуға уәжді себеп бар.

Сонымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен бірлесіп реттеуі тиіс бірнеше негізні параметр бар. Атап айтқанда әйелдердің бет-жүзін ашып тұратын орамал.

Осылайша бірқатар БАҚ жазып жатқандай діни атрибутқа салынатын толық тыйымның орнына біз толерантты оптиумға қол жеткіземіз: сақал мен хиджаб өз орындарында қалады, оларға ешкім тыйым салмайды. Елбасымыз Қазақстанда исламофобияға орын жоқ екенін, тақуалардың ортасында тәртіп орнату ниеті ғана барын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мысал үшін балалар алаңында ойнап жүрген кішкентай балалардың өзі қара киім киінген адамдардан қорқады. негізі ниқаб арабтардың киімінің бір түрі болып табылады және біздің ұлттық және дәстүрлі ерекшеліктерімізге қайшы. Қазақтың қыз-келіншектері ешқашан қара жамылмаған.

Сондықтан бұл нормаларға діни сипат берудің қажеті жоқ. Себебі бұл қазіргі мәселелерді шешуге бағытталған құқықтық өзара қарым-қатынастың заңды құралы болып табылады. Діннің саяси факторға айналып кетпеуін қатаң қадағалау қажет.

Алайда елімізде қиындықтардың заңдарды жүзеге асу және орындау кезеңінде туындайтынына да назар аударған абзал. Бұл кезеңде басшылардың сауатсыздығына байланысты қабылданған нормалардың жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Ал олардың қателігін мүдделі тұлғалар тобы үнемі пайдалануға дайын. Сондықтан құқықтық қолдану тәжірибесіне мұқият келген жөн.

Жалпы тыйым әдісі, мүмкіндіктерді шектеу кеңестік кезеңінің, кеңестік саяси биліктің құралы болып табылады. Қазір бұл құрал тиімсіздігін көрсетіп жүр. Бұған көптеген мысал келтіруге болады. Ағартушылық идеологиялық жұмысқа күш салу қажет.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін істері мәселелерін зерттеу орталығы

Пікірлер Кіру